Қолданыстағы редакция: 01.07.2026ҚР 2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚРЗ КодексіРесми мәтін ↗
Ерекше бөлік7-бөлім · 50-тарау

498-бап. Жекелеген жағдайларда шот-фактураларды жазып беру ерекшеліктері

Бап мәтіні

1

Осы Кодекстің 507-бабының 3-тармағында көзделген жағдайларда, тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді оператор өткізген (сатып алған) кезде шот-фактура оператордың өнім беруші (сатып алушы) ретіндегі деректемелері көрсетіле отырып, осы тараудың талаптарына сәйкес жазып беріледі.

2

Тапсырма шартына сәйкес келетін талаптарда өткізілетін тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алушыға шот-фактура жазып беруді сенім білдірушінің деректемелерін көрсете отырып, сенім білдірілген өкіл, ал осы Кодекстің 455-бабының 2-тармағында көзделген жағдайларда, осы бөлімде айқындалған тәртіппен сенім білдірілген өкіл жүзеге асырады.

3

Салық төлеуші жалпыға қолжетімді телекоммуникациялық желілерде интернет-ресурста орналастырылғандарды қоса алғанда, мерзімді баспасөз басылымдарын немесе бұқаралық ақпарат құралдарының өзге де өнімдерін өткізу бойынша күнтізбелік жыл ішіндегі барлық айналымға айналым жасалған күннен бұрын шот-фактураны жазып берген жағдайда, шот-фактурада өткізу бойынша айналымның мөлшері және осындай күнтізбелік жылға кіретін әрбір салықтық кезеңге тура келетін қосылған құн салығының тиісті сомасы бөлек көрсетіледі.

Менің жазбаларым

Жазбаларды тек сіз көресіз. Әзірге олар осы браузерде сақталады.

Ақпарат мына сайттан алынды: «Әділет» ҰЦҚЖ (adilet.zan.kz). Мәтін редакциясы: 01.07.2026.

Бухгалтерге арналған түсініктеме · Buhpracticum

Осы баптың практикалық талдауын — не өзгерді, кімге қатысты және 1С-те не істеу керек — Buhpracticum курстарында қарастырамыз.

Курста толығырақ

Ақпарат көзі: баптардың мәтіндері мына сайттан алынды: «Әділет» ҰЦҚЖ (adilet.zan.kz) — ҚР 2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚРЗ Кодексі, 01.07.2026 редакциясы. Buhpracticum сайты ресми жариялау көзі болып табылмайды. Заңды маңызы бар әрекеттер үшін ресми мәтінмен салыстырыңыз.

Бухгалтерге арналған түсініктемелер мен безендіру — © Buhpracticum.