Қолданыстағы редакция: 01.07.2026ҚР 2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚРЗ КодексіРесми мәтін ↗
Ерекше бөлік7-бөлім · 50-тарау

497-бап. Адвокат адвокаттық кеңсе арқылы заң көмегін көрсеткен кезде шот-фактураларды жазып беру ерекшеліктері

Бап мәтіні

1

Адвокаттық кеңсені өзі дербес немесе басқа адвокаттармен бірлесіп құрған адвокат заң көмегін көрсеткен кезде осындай адвокаттық кеңсе жасаған шарттар бойынша шот-фактураны адвокаттық кеңсе:

1) сенім білдірілген өкіл үшін бөлініп берілген жолда – өз деректемелерін;

2) өнім берушіге (сатушыға) бөлініп берілген жолда – заң көмегін көрсету туралы шарт бойынша заң көмегін көрсеткен әрбір адвокаттың деректемелерін көрсете отырып, өз атынан жазып береді.

2

Осы бапқа сәйкес жазып берілетін шот-фактурада:

1) айналымның жалпы сомасы;

2) заң көмегін көрсету туралы шарт шеңберінде заң көмегін көрсеткен әрбір адвокатқа тиесілі айналым сомасы көрсетіледі.

Менің жазбаларым

Жазбаларды тек сіз көресіз. Әзірге олар осы браузерде сақталады.

Ақпарат мына сайттан алынды: «Әділет» ҰЦҚЖ (adilet.zan.kz). Мәтін редакциясы: 01.07.2026.

Бухгалтерге арналған түсініктеме · Buhpracticum

Осы баптың практикалық талдауын — не өзгерді, кімге қатысты және 1С-те не істеу керек — Buhpracticum курстарында қарастырамыз.

Курста толығырақ

Ақпарат көзі: баптардың мәтіндері мына сайттан алынды: «Әділет» ҰЦҚЖ (adilet.zan.kz) — ҚР 2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚРЗ Кодексі, 01.07.2026 редакциясы. Buhpracticum сайты ресми жариялау көзі болып табылмайды. Заңды маңызы бар әрекеттер үшін ресми мәтінмен салыстырыңыз.

Бухгалтерге арналған түсініктемелер мен безендіру — © Buhpracticum.