455-бап. Тапсырма шарттары бойынша жүзеге асырылатын өткізу (сатып алу) бойынша айналымдар
Бап мәтіні
Мыналар:
1) сенім білдірушінің атынан және есебінен тауарларды өткізу, жұмыстарды орындау немесе қызметтерді көрсету, тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу;
2) сенім білдірілген өкілдің сенім білдіруші үшін сатып алынған тауарларды сенім білдірушіге беруі;
3) сенім білдірілген өкіл сенім білдірушінің атынан және есебінен үшінші тұлғамен жасасқан мәміле бойынша осындай үшінші тұлғаның сенім білдіруші үшін жұмыстарды орындауы, қызметтерді көрсетуі сенім білдірілген өкілдің өткізу (сатып алу) бойынша айналымы болып табылмайды.
Осы баптың 1-тармағының ережесі:
1) Қазақстан Республикасында қосылған құн салығын төлеушi болып табылмайтын және қызметті құрылымдық бөлімше арқылы жүзеге асырмайтын бейрезидент-сенiм бiлдiрушiден алынған тауарларды өткізуге қатысты қолданылмайды. Бұл жағдайда тауарды тиеп-жөнелту сенiм бiлдiрiлген өкілдің өткiзу бойынша айналымы болып табылады;
2) осы Кодекстiң 507-бабының 3-тармағында көзделген жағдайларда оператордың тауарларды өткізуіне, жұмыстарды орындауына, қызметтерді көрсетуіне, сондай-ақ тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуына қатысты қолданылмайды.
Менің жазбаларым
Жазбаларды тек сіз көресіз. Әзірге олар осы браузерде сақталады.
Ақпарат мына сайттан алынды: «Әділет» ҰЦҚЖ (adilet.zan.kz). Мәтін редакциясы: 01.07.2026.
Бухгалтерге арналған түсініктеме · Buhpracticum
Осы баптың практикалық талдауын — не өзгерді, кімге қатысты және 1С-те не істеу керек — Buhpracticum курстарында қарастырамыз.