Қолданыстағы редакция: 01.07.2026ҚР 2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚРЗ КодексіРесми мәтін ↗
Ерекше бөлік7-бөлім · 45-тарау

456-бап. Комиссия шартының талаптарына сәйкес келетін талаптармен жүзеге асырылатын өткізу бойынша айналымдар

Бап мәтіні

1

Мыналар комиссионердің өткізу бойынша айналымы болып табылмайды:

1) комитенттiң тапсырмасы бойынша комиссионердің комиссия шартының талаптарына сәйкес келетін талаптармен тауарларды өткізуі, жұмыстарды орындауы, қызметтерді көрсетуі;

2) комиссионердің комиссия шартының талаптарына сәйкес келетін талаптармен комитент үшін сатып алынған тауарларды комитентке беруі;

3) осындай жұмыстар, көрсетілетін қызметтер комиссионердің бейрезиденттен жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу бойынша айналымы болып табылатын жағдайларды қоспағанда, үшінші тұлға комиссионермен жасасқан мәмiле бойынша осындай үшінші тұлғаның комитент үшін жұмыстарды орындауы, қызметтерді көрсетуі.

2

Осы баптың 1-тармағының ережелері Қазақстан Республикасында қосылған құн салығын төлеуші болып табылмайтын және қызметін құрылымдық бөлімше арқылы жүзеге асырмайтын бейрезидент-комитенттен алынған тауарды өткізуге қатысты қолданылмайды. Бұл жағдайда тауарды өткізу комиссионердің өткізу бойынша айналымы болып табылады.

Менің жазбаларым

Жазбаларды тек сіз көресіз. Әзірге олар осы браузерде сақталады.

Ақпарат мына сайттан алынды: «Әділет» ҰЦҚЖ (adilet.zan.kz). Мәтін редакциясы: 01.07.2026.

Бухгалтерге арналған түсініктеме · Buhpracticum

Осы баптың практикалық талдауын — не өзгерді, кімге қатысты және 1С-те не істеу керек — Buhpracticum курстарында қарастырамыз.

Курста толығырақ

Ақпарат көзі: баптардың мәтіндері мына сайттан алынды: «Әділет» ҰЦҚЖ (adilet.zan.kz) — ҚР 2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚРЗ Кодексі, 01.07.2026 редакциясы. Buhpracticum сайты ресми жариялау көзі болып табылмайды. Заңды маңызы бар әрекеттер үшін ресми мәтінмен салыстырыңыз.

Бухгалтерге арналған түсініктемелер мен безендіру — © Buhpracticum.