Қолданыстағы редакция: 01.07.2026ҚР 2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚРЗ КодексіРесми мәтін ↗
Ерекше бөлік7-бөлім · 49-тарау

488-бап. Есепке жатқызуға рұқсат етілген қосылған құн салығының сомаларын пропорционалды әдіспен айқындау тәртібі

Бап мәтіні

1

Пропорционалды әдіс бойынша есепке жатқызуға рұқсат етілген қосылған құн салығының сомасы салықтық кезең үшін мынадай формула бойынша айқындалады: ҚҚСер = ҚҚСеж х А сс/ А жал, мұнда: ҚҚСер – есепке жатқызуға рұқсат етілген қосылған құн салығының сомасы. Бұл сома теріс мәнге ие болуы мүмкін; ҚҚСеж – түзету ескеріле отырып, есепке жатқызылатын қосылған құн салығының сомасы. Бұл сома теріс мәнге ие болуы мүмкін; А сс – салық салынатын айналымның сомасы; А жал – салық салынатын және салық салынбайтын айналымдардың сомасы ретінде айқындалатын айналымның жалпы сомасы. Бұл ретте осы Кодекстің 487-бабының 2-тармағында көрсетілген тұлғалар А сс және А жал мәндерін айқындау кезінде осы Кодекстің 489-бабына сәйкес олар бойынша бөлек есепке алуды жүргізу жүзеге асырылатын айналымдарды есепке алмайды. Салықтық кезеңде өткізу бойынша айналым болмаған кезде есепке жатқызуға рұқсат етілген қосылған құн салығының сомасы түзету ескеріле отырып, есепке жатқызылатын қосылған құн салығы сомасының мөлшерінде айқындалады.

2

Есепке жатқызуға рұқсат етілмеген қосылған құн салығы салықтық кезең үшін мынадай формула бойынша айқындалады: ҚҚСере = ҚҚСеж – ҚҚСер, мұнда: ҚҚСере – есепке жатқызуға рұқсат етілмеген қосылған құн салығының сомасы. Бұл сома теріс мәнге ие болуы мүмкін; ҚҚСеж – түзету ескеріле отырып, есепке жатқызылатын қосылған құн салығының сомасы. Бұл сома теріс мәнге ие болуы мүмкін; ҚҚСер – осы баптың 1-тармағына сәйкес айқындалатын, есепке жатқызуға рұқсат етілген қосылған құн салығының сомасы. Бұл сома теріс мәнге ие болуы мүмкін. Есепке жатқызуға рұқсат етілмеген қосылған құн салығының сомасы, оның ішінде оның теріс мәні осы Кодекстің 259-бабында айқындалған тәртіппен есепке алынады.

Менің жазбаларым

Жазбаларды тек сіз көресіз. Әзірге олар осы браузерде сақталады.

Ақпарат мына сайттан алынды: «Әділет» ҰЦҚЖ (adilet.zan.kz). Мәтін редакциясы: 01.07.2026.

Бухгалтерге арналған түсініктеме · Buhpracticum

Осы баптың практикалық талдауын — не өзгерді, кімге қатысты және 1С-те не істеу керек — Buhpracticum курстарында қарастырамыз.

Курста толығырақ

Ақпарат көзі: баптардың мәтіндері мына сайттан алынды: «Әділет» ҰЦҚЖ (adilet.zan.kz) — ҚР 2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚРЗ Кодексі, 01.07.2026 редакциясы. Buhpracticum сайты ресми жариялау көзі болып табылмайды. Заңды маңызы бар әрекеттер үшін ресми мәтінмен салыстырыңыз.

Бухгалтерге арналған түсініктемелер мен безендіру — © Buhpracticum.