Қолданыстағы редакция: 01.07.2026ҚР 2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚРЗ КодексіРесми мәтін ↗
Ерекше бөлік7-бөлім · 46-тарау

464-бап. Айналым мөлшерін түзету

Бап мәтіні

1

Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу бойынша айналым мөлшері осы баптың 2-тармағында көзделген жағдайларда белгілі бір жаққа өзгерген кезде, ол жасалған күннен кейін айналым мөлшері тиісті түрде түзетіледі.

2

Мынадай:

1) тауарды кері импорт кедендік рәсімімен орналастыра отырып әкелуді қоспағанда, бұрын экспорт кедендік рәсімімен орналастырыла отырып әкетілген тауар толық немесе iшiнара қайтарылған;

2) мәміленің шарттары өзгерген;

3) өткiзiлген тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер үшiн баға, өтемақы өзгерген жағдайларда түзету жүргізіледі. Осы тармақшаның ережесі шарттың талаптары негізге алына отырып, оның ішінде коэффициентті (индексті) қолдануға байланысты, өткiзiлген тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің төлеуге жататын құны өзгерген кезде де қолданылады;

4) баға жеңілдіктері, сатылым жеңілдіктері жасалған;

5) осы Кодекстің 453-бабының 5) тармақшасына сәйкес өткізу бойынша айналымға енгізілген ыдыс қайтарылған;

6) нәтижесінде айналым мөлшерінің өзгеруі болатын өзге де жағдайлар басталған жағдайларда түзету жүргізіледі.

3

Осы баптың ережелері қателерді түзету нәтижесінде салық салынатын (салынбайтын) айналым мөлшері өзгерген жағдайда қолданылмайды.

4

Салық төлеуші айналымының мөлшерін түзету салық салынатын (салынбайтын) айналым мөлшерінің өзгеруіне негіз болатын құжаттар болған кезде жүргізіледі.

5

Салық салынатын (салынбайтын) айналым мөлшерін түзету сомасы осы баптың 2-тармағында көзделген жағдайлар басталатын күнге тура келетін салықтық кезеңнің салық салынатын (салынбайтын) айналымына енгізіледі. Мұндай күн түзету сомасына айналымды жасау күні болып табылады.

6

Салық салынатын (салынбайтын) айналым мөлшерін азайту жағына қарай түзету тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткiзу бойынша бұрын көрсетілген салық салынатын (салынбайтын) айналым мөлшерінен аспауға тиіс.

7

Салық салынатын айналым мөлшерін ұлғайту жағына қарай түзету кезінде осындай айналым бойынша қосылған құн салығының сомасы осы баптың 2-тармағында көзделген жағдайлар басталатын күнге қолданыста болатын мөлшерлеме бойынша айқындалады.

Менің жазбаларым

Жазбаларды тек сіз көресіз. Әзірге олар осы браузерде сақталады.

Ақпарат мына сайттан алынды: «Әділет» ҰЦҚЖ (adilet.zan.kz). Мәтін редакциясы: 01.07.2026.

Бухгалтерге арналған түсініктеме · Buhpracticum

Осы баптың практикалық талдауын — не өзгерді, кімге қатысты және 1С-те не істеу керек — Buhpracticum курстарында қарастырамыз.

Курста толығырақ

Ақпарат көзі: баптардың мәтіндері мына сайттан алынды: «Әділет» ҰЦҚЖ (adilet.zan.kz) — ҚР 2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚРЗ Кодексі, 01.07.2026 редакциясы. Buhpracticum сайты ресми жариялау көзі болып табылмайды. Заңды маңызы бар әрекеттер үшін ресми мәтінмен салыстырыңыз.

Бухгалтерге арналған түсініктемелер мен безендіру — © Buhpracticum.