Қолданыстағы редакция: 01.07.2026ҚР 2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚРЗ КодексіРесми мәтін ↗
Ерекше бөлік7-бөлім · 46-тарау

463-бап. Бейрезиденттен жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу бойынша айналым мөлшері

Бап мәтіні

1

Бейрезиденттен жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу бойынша айналым мөлшері төлем көзінен ұстап қалуға жататын корпоративтік немесе жеке табыс салығын қоса алғанда, осы Кодекстің 454-бабының 1-тармағында көрсетілген жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу құны негізге алына отырып айқындалады. Бұл ретте сатып алу құны: орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің актісі; орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің актісі болмаған кезде – жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету фактісін растайтын өзге де құжат негізінде айқындалады.

2

Алынған жұмыстар, көрсетілетін қызметтер үшін ақы төлеу шетел валютасымен жүргізілген жағдайда, салық салынатын айналым айналымды жасау күніне белгіленген валютаның ресми бағамы қолданыла отырып, Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен қайта есептеледі.

Менің жазбаларым

Жазбаларды тек сіз көресіз. Әзірге олар осы браузерде сақталады.

Ақпарат мына сайттан алынды: «Әділет» ҰЦҚЖ (adilet.zan.kz). Мәтін редакциясы: 01.07.2026.

Бухгалтерге арналған түсініктеме · Buhpracticum

Осы баптың практикалық талдауын — не өзгерді, кімге қатысты және 1С-те не істеу керек — Buhpracticum курстарында қарастырамыз.

Курста толығырақ

Ақпарат көзі: баптардың мәтіндері мына сайттан алынды: «Әділет» ҰЦҚЖ (adilet.zan.kz) — ҚР 2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚРЗ Кодексі, 01.07.2026 редакциясы. Buhpracticum сайты ресми жариялау көзі болып табылмайды. Заңды маңызы бар әрекеттер үшін ресми мәтінмен салыстырыңыз.

Бухгалтерге арналған түсініктемелер мен безендіру — © Buhpracticum.