Қолданыстағы редакция: 01.07.2026ҚР 2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚРЗ КодексіРесми мәтін ↗
Ерекше бөлік7-бөлім · 46-тарау

466-бап. Салық салынатын импорттың мөлшері

Бап мәтіні

1

Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, салық салынатын импорттың мөлшеріне Қазақстан Республикасының трансферттік баға белгілеу туралы заңнамасы ескеріле отырып, ЕАЭО-ның кеден заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес айқындалатын импортталатын тауарлардың кедендік құны, сондай-ақ импортқа арналған қосылған құн салығын қоспағанда, Қазақстан Республикасына тауарларды импорттау кезінде бюджетке төлеуге жататын салықтардың және кедендік төлемдердің, арнаулы, демпингке қарсы және өтемақы баждарының сомалары енгізіледі.

2

Ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімімен орналастырыла отырып қайта өңдеу өнімдерін импорттау кезінде салық салынатын импорттың мөлшері ЕАЭО-ның кеден заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес ЕАЭО-ның кедендік аумағынан тыс жерлерде тауарларды қайта өңдеу жөніндегі операциялардың құны ретінде айқындалады.

Менің жазбаларым

Жазбаларды тек сіз көресіз. Әзірге олар осы браузерде сақталады.

Ақпарат мына сайттан алынды: «Әділет» ҰЦҚЖ (adilet.zan.kz). Мәтін редакциясы: 01.07.2026.

Бухгалтерге арналған түсініктеме · Buhpracticum

Осы баптың практикалық талдауын — не өзгерді, кімге қатысты және 1С-те не істеу керек — Buhpracticum курстарында қарастырамыз.

Курста толығырақ

Ақпарат көзі: баптардың мәтіндері мына сайттан алынды: «Әділет» ҰЦҚЖ (adilet.zan.kz) — ҚР 2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚРЗ Кодексі, 01.07.2026 редакциясы. Buhpracticum сайты ресми жариялау көзі болып табылмайды. Заңды маңызы бар әрекеттер үшін ресми мәтінмен салыстырыңыз.

Бухгалтерге арналған түсініктемелер мен безендіру — © Buhpracticum.