Қолданыстағы редакция: 01.07.2026ҚР 2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚРЗ КодексіРесми мәтін ↗
Ерекше бөлік7-бөлім · 46-тарау

465-бап. Күмәнді талаптар бойынша салық салынатын айналымның мөлшерін түзету

Бап мәтіні

1

Егер өткiзiлген тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша талаптың бiр бөлiгі немесе бүкiл мөлшерi күмәндi талап болып табылса, қосылған құн салығын төлеушiнің осындай талап бойынша салық салынатын айналым мөлшерін:

1) мыналар: егер мұндай мерзім айқындалған болса, өткізілген тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша талапты орындау мерзімі; талапты орындау мерзімі айқындалмаған, тауарды беру, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету күні тура келетін салықтық кезеңнің басынан бастап үш жыл өткен соң;

2) тіркеуші органның банкрот деп танылған дебиторды Бизнес-сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмiнен алып тастау туралы шешiмi шығарылған салықтық кезеңде;

3) "Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес соттан тыс банкроттық рәсімі аяқталған немесе сот арқылы банкроттық рәсімін қолдану туралы сот шешімі шығарылған салықтық кезеңде азайтуға құқығы бар. Осы тармаққа сәйкес салық салынатын айналымның мөлшерiн түзету осы Кодекстiң 267-бабында көрсетілген шарттар сақталған кезде жүргiзiледi.

2

Күмәнді талап бойынша салық салынатын айналым мөлшерін азайту қосылған құн салығының өткізу бойынша айналымды жасау күніне қолданыста болған мөлшерлемесі қолданыла отырып, тауарларды өткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету бойынша бұрын көрсетілген салық салынатын айналым мөлшері шегінде жүргізіледі.

3

Өткізілген тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер үшiн төлемақы қосылған құн салығын төлеушi осы баптың 1-тармағына сәйкес өзiне берiлген құқықты пайдаланғаннан кейiн алынған жағдайда, салық салынатын айналымның мөлшерi қосылған құн салығының өткізу бойынша айналымды жасау күніне қолданыста болатын мөлшерлемесі қолданыла отырып, төлемақы алынған салықтық кезеңде көрсетілген төлемақының құнына ұлғайтуға жатады.

Менің жазбаларым

Жазбаларды тек сіз көресіз. Әзірге олар осы браузерде сақталады.

Ақпарат мына сайттан алынды: «Әділет» ҰЦҚЖ (adilet.zan.kz). Мәтін редакциясы: 01.07.2026.

Бухгалтерге арналған түсініктеме · Buhpracticum

Осы баптың практикалық талдауын — не өзгерді, кімге қатысты және 1С-те не істеу керек — Buhpracticum курстарында қарастырамыз.

Курста толығырақ

Ақпарат көзі: баптардың мәтіндері мына сайттан алынды: «Әділет» ҰЦҚЖ (adilet.zan.kz) — ҚР 2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚРЗ Кодексі, 01.07.2026 редакциясы. Buhpracticum сайты ресми жариялау көзі болып табылмайды. Заңды маңызы бар әрекеттер үшін ресми мәтінмен салыстырыңыз.

Бухгалтерге арналған түсініктемелер мен безендіру — © Buhpracticum.