Қолданыстағы редакция: 01.07.2026ҚР 2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚРЗ КодексіРесми мәтін ↗
Ерекше бөлік5-бөлім · 35-тарау

344-бап. Қайта ұйымдастыруға байланысты берілетін залалдар

Бап мәтіні

1

Осы Кодекстің 338-бабында белгіленген, бөліну немесе бөлініп шығу жолымен қайта ұйымдастыруға байланысты берілетін залалдар жаңадан құрылған салық төлеушілер арасында бөлу балансы негізінде берілетін активтер құнының бөлу балансы жасалған күннің алдындағы күнгі жағдай бойынша қайта ұйымдастырылатын заңды тұлға активтерінің құнындағы үлес салмағына пропорционалды түрде бөлінеді. Берілген залалдар есепке алынады және оларды жаңадан құрылған салық төлеушілер осы Кодекстің 339 – 343-баптарында айқындалған тәртіппен ауыстырады.

2

Егер осы баптың 3-тармағында өзгеше белгіленбесе, заңды тұлға қосылу немесе бірігу жолымен қайта ұйымдастырылған кезде қайта ұйымдастырылатын заңды тұлғаның құқық мирасқорындағы залалдары есепке алынбайды.

3

Заңды тұлға Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешіміне сәйкес қосылу немесе бірігу жолымен қайта ұйымдастырылған кезде, қайта ұйымдастырылатын заңды тұлғаның залалдары құқық мирасқорына әрбір қайта ұйымдастыру кезінде бір рет беріледі және оларды құқық мирасқоры осы Кодекстің 339 – 343-баптарында айқындалған тәртіппен ауыстырады.

Менің жазбаларым

Жазбаларды тек сіз көресіз. Әзірге олар осы браузерде сақталады.

Ақпарат мына сайттан алынды: «Әділет» ҰЦҚЖ (adilet.zan.kz). Мәтін редакциясы: 01.07.2026.

Бухгалтерге арналған түсініктеме · Buhpracticum

Осы баптың практикалық талдауын — не өзгерді, кімге қатысты және 1С-те не істеу керек — Buhpracticum курстарында қарастырамыз.

Курста толығырақ

Ақпарат көзі: баптардың мәтіндері мына сайттан алынды: «Әділет» ҰЦҚЖ (adilet.zan.kz) — ҚР 2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚРЗ Кодексі, 01.07.2026 редакциясы. Buhpracticum сайты ресми жариялау көзі болып табылмайды. Заңды маңызы бар әрекеттер үшін ресми мәтінмен салыстырыңыз.

Бухгалтерге арналған түсініктемелер мен безендіру — © Buhpracticum.