Қолданыстағы редакция: 01.07.2026ҚР 2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚРЗ КодексіРесми мәтін ↗
Ерекше бөлік5-бөлім · 25-тарау

256-бап. Кірістерді түзету

Бап мәтіні

1

Осы бапта белгіленген жағдайларда, есепті салықтық кезеңдегі кірістің мөлшерін бұрын танылған кірістің сомасы шегінде ұлғайту немесе азайту түзету болып танылады.

2

Кірістер:

1) тауарлар толық немесе ішінара қайтарылған;

2) мәміле шарттары өзгертілген;

3) өткізілген тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер үшін баға, өтемақы өзгертілген жағдайларда түзетілуге жатады. Осы тармақшаның ережесі өткізілген тауарлардың, орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің ұлттық валютада төленуге құнының сомасы шарттың талаптары негізге алына отырып өзгертілген кезде де қолданылады;

4) баға жеңілдіктері, сатылым жеңілдіктері жасалған жағдайларда түзетілуге жатады.

3

Кірістерді түзету осы баптың 2-тармағында көрсетілген жағдайлар туындаған салықтық кезеңде жүргізіледі.

Менің жазбаларым

Жазбаларды тек сіз көресіз. Әзірге олар осы браузерде сақталады.

Ақпарат мына сайттан алынды: «Әділет» ҰЦҚЖ (adilet.zan.kz). Мәтін редакциясы: 01.07.2026.

Бухгалтерге арналған түсініктеме · Buhpracticum

Осы баптың практикалық талдауын — не өзгерді, кімге қатысты және 1С-те не істеу керек — Buhpracticum курстарында қарастырамыз.

Курста толығырақ

Ақпарат көзі: баптардың мәтіндері мына сайттан алынды: «Әділет» ҰЦҚЖ (adilet.zan.kz) — ҚР 2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚРЗ Кодексі, 01.07.2026 редакциясы. Buhpracticum сайты ресми жариялау көзі болып табылмайды. Заңды маңызы бар әрекеттер үшін ресми мәтінмен салыстырыңыз.

Бухгалтерге арналған түсініктемелер мен безендіру — © Buhpracticum.