Қолданыстағы редакция: 01.07.2026ҚР 2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚРЗ КодексіРесми мәтін ↗
Ерекше бөлік5-бөлім · 25-тарау

245-бап. Алынған өтемақылар

Бап мәтіні

1

Өтемақы түріндегі кірістерге мыналар жатады:

1) талаптарды, оның ішінде бұрын күмәнді деп танылған және шегерімге жатқызылған құқықтарды басқаға қайта беру жолымен өтеу сомасы;

2) шығындарды (шығыстарды) жабуға мемлекеттік бюджет қаражатынан алынған сомалар;

3) сақтандырылған тіркеп-белгіленген активтер жоғалған, бүлінген кездегі сақтандыру төлемдерін қоспағанда, сақтандыру (қайта сақтандыру) шарты бойынша сақтанушыға, сақтандырылушыға, пайда алушыға төленген немесе залал келтірген тұлға төлеген залалды өтеу сомасы;

4) жинақтаушы емес сақтандыру шарттары бойынша Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес сақтандыру (қайта сақтандыру) шарты бойынша сақтанушыға қайтарылуға жататын немесе оған қайтарылған және бұрын сақтанушы шегерімге жатқызған сақтандыру сыйлықақыларының сомасы;

5) жеке тұлғаның оқыту шығыстарын салық төлеушіге өтеу сомасы, ол алдыңғы салықтық кезеңдерде осындай шығыстар сомасына салық салынатын кірісті азайтуды жүргізген;

6) бұрын шегерімге жатқызылған шығындарды өтеу үшін алынған басқа да өтемақылар.

2

Өтемақы түріндегі кіріс осындай өтемақы алынған салықтық кезеңде танылады.

Менің жазбаларым

Жазбаларды тек сіз көресіз. Әзірге олар осы браузерде сақталады.

Ақпарат мына сайттан алынды: «Әділет» ҰЦҚЖ (adilet.zan.kz). Мәтін редакциясы: 01.07.2026.

Бухгалтерге арналған түсініктеме · Buhpracticum

Осы баптың практикалық талдауын — не өзгерді, кімге қатысты және 1С-те не істеу керек — Buhpracticum курстарында қарастырамыз.

Курста толығырақ

Ақпарат көзі: баптардың мәтіндері мына сайттан алынды: «Әділет» ҰЦҚЖ (adilet.zan.kz) — ҚР 2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚРЗ Кодексі, 01.07.2026 редакциясы. Buhpracticum сайты ресми жариялау көзі болып табылмайды. Заңды маңызы бар әрекеттер үшін ресми мәтінмен салыстырыңыз.

Бухгалтерге арналған түсініктемелер мен безендіру — © Buhpracticum.