Қолданыстағы редакция: 01.07.2026ҚР 2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚРЗ КодексіРесми мәтін ↗
Ерекше бөлік5-бөлім · 25-тарау

241-бап. Күмәндi мiндеттемелер бойынша кіріс

Бап мәтіні

1

Сатып алынған тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша, сондай-ақ жұмыскерлердің үш жылдық кезең iшiнде қанағаттандырылмаған, есепке жазылған кірістері бойынша мiндеттемелер күмәндi міндеттемелер деп танылады. Алынған кредиттер (қарыздар, микрокредиттер) жөніндегі күмәнді міндеттемелер бойынша кіріске алынған кредиттің (қарыздың, микрокредиттің) сомасы енгізілмейді. Есепке жатқызудан алып тасталуға жататын қосылған құн салығын қоспағанда, күмәнді міндеттемелер салық төлеушiнiң жылдық жиынтық кірісіне енгізілуге жатады. Осы бапты қолдану мақсатында жұмыскердің кірісі осы Кодекстің 426-бабына сәйкес айқындалады.

2

Күмәнді міндеттеме бойынша кіріс:

1) кредит (қарыз, микрокредит) шарттары бойынша туындаған күмәнді міндеттемелер бойынша – кредит (қарыз, микрокредит) шартының талаптарына сәйкес сыйақы төлеу мерзімі басталған күннен кейінгі күннен бастап;

2) лизинг шарттары бойынша туындаған күмәнді міндеттемелер бойынша – лизинг шартының талаптарына сәйкес лизингтік төлемді төлеу мерзімі басталған күннен кейінгі күннен бастап;

3) жұмыскерлердің есепке жазылған кірістері бойынша туындаған күмәнді міндеттемелер бойынша – жұмыскерлердің кірістері есепке жазылған күннен бастап;

4) осы тармақтың 1) – 3) тармақшаларында көрсетілмеген күмәнді міндеттемелер бойынша: орындау мерзімі айқындалған, сатып алынған тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша міндеттемені орындау мерзімі аяқталған күннен кейінгі күннен бастап; орындау мерзімі айқындалмаған, сатып алынған тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша міндеттеме бойынша тауар берілген, жұмыстар орындалған, қызметтер көрсетілген күннен бастап есептелетін үш жылдық кезең аяқталған салықтық кезеңде танылады.

3

Осы баптың ережелері осы Кодекстің 263-бабы 3-тармағының ережелері ескеріле отырып, шегерімге жатпайтын кредиттер (қарыздар) бойынша сыйақыға қолданылмайды.

Менің жазбаларым

Жазбаларды тек сіз көресіз. Әзірге олар осы браузерде сақталады.

Ақпарат мына сайттан алынды: «Әділет» ҰЦҚЖ (adilet.zan.kz). Мәтін редакциясы: 01.07.2026.

Бухгалтерге арналған түсініктеме · Buhpracticum

Осы баптың практикалық талдауын — не өзгерді, кімге қатысты және 1С-те не істеу керек — Buhpracticum курстарында қарастырамыз.

Курста толығырақ

Ақпарат көзі: баптардың мәтіндері мына сайттан алынды: «Әділет» ҰЦҚЖ (adilet.zan.kz) — ҚР 2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚРЗ Кодексі, 01.07.2026 редакциясы. Buhpracticum сайты ресми жариялау көзі болып табылмайды. Заңды маңызы бар әрекеттер үшін ресми мәтінмен салыстырыңыз.

Бухгалтерге арналған түсініктемелер мен безендіру — © Buhpracticum.