Қолданыстағы редакция: 01.07.2026ҚР 2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚРЗ КодексіРесми мәтін ↗
Ерекше бөлік22-бөлім · 95-тарау

844-бап. Сақтандыру, қайта сақтандыру шарттары бойынша кірістер мен шегерімдер жөніндегі өтпелі ережелер

Бап мәтіні

1

Сақтандыру, қайта сақтандыру ұйымдары 2026 жылғы 1 қаңтар – 31 желтоқсан аралығындағы есепті салықтық кезең үшін сақтандыру, қайта сақтандыру шарттары бойынша мынадай кірістерді:

1) Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес 17 "Сақтандыру шарттары" халықаралық қаржылық есептілік стандартына көшуге байланысты туындаған, 2023 жылғы аудиттелген жылдық есептіліктегі өткен жылдардың бөлінбеген пайдасының ұлғаю сомасындағы кірістерді;

2) қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның уәкілетті органмен және салық саясаты саласындағы уәкілетті органмен келісілген талаптары ескеріле отырып, Ұлттық Банк белгілеген есептілік бойынша таза пайда мен 2023, 2024 және 2025 жылдардағы аудиттелген қаржылық есептілікте көрсетілген таза пайда арасындағы теріс айырманы таниды.

2

Сақтандыру, қайта сақтандыру ұйымдары 2026 жылғы 1 қаңтар – 31 желтоқсан аралығындағы есепті салықтық кезең үшін сақтандыру, қайта сақтандыру шарттары бойынша мынадай шығыстарды:

1) Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес 17 "Сақтандыру шарттары" халықаралық қаржылық есептілік стандартына көшуге байланысты туындаған, 2023 жылғы аудиттелген жылдық есептіліктегі өткен жылдардың бөлінбеген пайдасының азаю сомасындағы шығыстарды;

2) қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның уәкілетті органмен және салық саясаты саласындағы уәкілетті органмен келісілген талаптары ескеріле отырып, Ұлттық Банк белгілеген есептілік бойынша таза пайда мен 2023, 2024 және 2025 жылдардағы аудиттелген қаржылық есептілікте көрсетілген таза пайда арасындағы оң айырманы шегерімге жатқызуға құқылы.

3

Осы баптың 1 және 2-тармақтарының ережелерін Қазақстанның Экспорттық-кредиттік агенттігі қолданады. Бұл ретте осы баптың 1-тармағы 2) тармақшасының және 2-тармағы 2) тармақшасының мақсаттарында сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті орган белгілеген, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органмен, уәкілетті органмен және салық саясаты саласындағы уәкілетті органмен келісілген есептілік ескеріледі.

Менің жазбаларым

Жазбаларды тек сіз көресіз. Әзірге олар осы браузерде сақталады.

Ақпарат мына сайттан алынды: «Әділет» ҰЦҚЖ (adilet.zan.kz). Мәтін редакциясы: 01.07.2026.

Бухгалтерге арналған түсініктеме · Buhpracticum

Осы баптың практикалық талдауын — не өзгерді, кімге қатысты және 1С-те не істеу керек — Buhpracticum курстарында қарастырамыз.

Курста толығырақ

Ақпарат көзі: баптардың мәтіндері мына сайттан алынды: «Әділет» ҰЦҚЖ (adilet.zan.kz) — ҚР 2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚРЗ Кодексі, 01.07.2026 редакциясы. Buhpracticum сайты ресми жариялау көзі болып табылмайды. Заңды маңызы бар әрекеттер үшін ресми мәтінмен салыстырыңыз.

Бухгалтерге арналған түсініктемелер мен безендіру — © Buhpracticum.