Қолданыстағы редакция: 01.07.2026ҚР 2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚРЗ КодексіРесми мәтін ↗
Ерекше бөлік22-бөлім · 95-тарау

843-бап. Талап ету құқығын, оның ішінде тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарт бойынша көппәтерлі тұрғын үйдегі үлесті талап ету құқығын басқаға беруден түсетін кіріс бойынша өтпелі ережелер

Бап мәтіні

Осы Кодекстің 391-бабы 2 және 3-тармақтарының қолданысы 2028 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұру кезеңінде осы тармақтар мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін: "2. Талап ету құқығын басқаға беру құны мен тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттың бағасы арасындағы оң айырма: осындай шарт 2026 жылғы 1 қаңтарға дейін жасалған күннен бастап талап ету құқығын басқаға беру күніне дейінгі кезең екі жылдан аз болатын; осындай шарт 2026 жылғы 1 қаңтардан кейін жасалған күннен бастап осындай талап ету құқығын басқаға беру күніне дейінгі кезең үш жылдан аз болатын жағдайда, талап ету құқығын басқаға берген салық төлеуші үшін тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарт бойынша көппәтерлі тұрғын үйдегі үлесті талап ету құқығын басқаға беруден түсетін кіріс болып табылады.

3

Талап ету құқығын басқаға беру құны және:

1) мынадай: осындай құқыққа тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарт бойынша талап ету құқығын басқаға беру арқылы 2026 жылғы 1 қаңтарға дейін ие болған күннен бастап осындай талап ету құқығын басқаға беру күніне дейінгі кезең екі жылдан аз болатын және (немесе) осындай құқыққа тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарт бойынша талап ету құқығын басқаға беру арқылы 2026 жылғы 1 қаңтардан кейін ие болған күннен бастап осындай талап ету құқығын басқаға беру күніне дейінгі кезең үш жылдан аз болатын жағдайда, жеке тұлға осындай құқыққа бұрын ие болған құн және (немесе)

2) мынадай: осындай құқықты 2026 жылғы 1 қаңтарға дейін өтеусіз алған күннен бастап осындай талап ету құқығын басқаға беру күніне дейінгі кезең екі жылдан аз болатын; осындай құқықты 2026 жылғы 1 қаңтардан кейін өтеусіз алған күннен бастап осындай талап ету құқығын басқаға беру күніне дейінгі кезең үш жылдан аз болатын жағдайда, басқа жеке тұлғадан өтеусіз алынған талап ету құқығының құны арасындағы оң айырма талап ету құқығын басқаға берген салық төлеуші үшін тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарт бойынша талап ету құқығын басқаға беру арқылы бұрын сатып алынған және (немесе) басқа жеке тұлғадан өтеусіз алынған, тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарт бойынша көппәтерлі тұрғын үйдегі үлесті талап ету құқығын басқаға беруден түсетін кіріс болып табылады.".

Менің жазбаларым

Жазбаларды тек сіз көресіз. Әзірге олар осы браузерде сақталады.

Ақпарат мына сайттан алынды: «Әділет» ҰЦҚЖ (adilet.zan.kz). Мәтін редакциясы: 01.07.2026.

Бухгалтерге арналған түсініктеме · Buhpracticum

Осы баптың практикалық талдауын — не өзгерді, кімге қатысты және 1С-те не істеу керек — Buhpracticum курстарында қарастырамыз.

Курста толығырақ

Ақпарат көзі: баптардың мәтіндері мына сайттан алынды: «Әділет» ҰЦҚЖ (adilet.zan.kz) — ҚР 2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚРЗ Кодексі, 01.07.2026 редакциясы. Buhpracticum сайты ресми жариялау көзі болып табылмайды. Заңды маңызы бар әрекеттер үшін ресми мәтінмен салыстырыңыз.

Бухгалтерге арналған түсініктемелер мен безендіру — © Buhpracticum.