Қолданыстағы редакция: 01.07.2026ҚР 2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚРЗ КодексіРесми мәтін ↗
Ерекше бөлік22-бөлім · 95-тарау

842-бап. Жылжымайтын мүлік бойынша құн өсімінен түсетін кіріс бойынша өтпелі ережелер

Бап мәтіні

Осы Кодекстің 383-бабының 1-тармағы 1) және 2) тармақшаларының қолданысы 2028 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұру кезеңінде осы тармақшалар мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін: "1) Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан тұрғынжайларды, саяжай құрылыстарын, гараждарды, орынтұрақ орындарын, қоймаларды, жеке қосалқы шаруашылық объектілерін олар меншік құқығында: 2026 жылғы 1 қаңтарға дейін жүргізілген меншік құқығын тіркеу күнінен бастап бір жылдан аз болатын; 2026 жылғы 1 қаңтардан кейін жүргізілген меншік құқығын тіркеу күнінен бастап екі жылдан аз болатын жағдайда;

2) меншік құқығы туындаған күннен бастап өткізу күніне дейін нысаналы мақсаты жеке тұрғын үй құрылысы, саяжай құрылысы, жеке қосалқы шаруашылық жүргізу, гараж салу, орынтұрақ орындары болып табылатын Қазақстан Республикасындағы жер учаскелерін және (немесе) жер үлестерін олар меншік құқығында: 2026 жылғы 1 қаңтарға дейін жүргізілген меншік құқығын тіркеу күнінен бастап бір жылдан аз болатын; 2026 жылғы 1 қаңтардан кейін жүргізілген меншік құқығын тіркеу күнінен бастап екі жылдан аз болатын жағдайда;".

Менің жазбаларым

Жазбаларды тек сіз көресіз. Әзірге олар осы браузерде сақталады.

Ақпарат мына сайттан алынды: «Әділет» ҰЦҚЖ (adilet.zan.kz). Мәтін редакциясы: 01.07.2026.

Бухгалтерге арналған түсініктеме · Buhpracticum

Осы баптың практикалық талдауын — не өзгерді, кімге қатысты және 1С-те не істеу керек — Buhpracticum курстарында қарастырамыз.

Курста толығырақ

Ақпарат көзі: баптардың мәтіндері мына сайттан алынды: «Әділет» ҰЦҚЖ (adilet.zan.kz) — ҚР 2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚРЗ Кодексі, 01.07.2026 редакциясы. Buhpracticum сайты ресми жариялау көзі болып табылмайды. Заңды маңызы бар әрекеттер үшін ресми мәтінмен салыстырыңыз.

Бухгалтерге арналған түсініктемелер мен безендіру — © Buhpracticum.