Қолданыстағы редакция: 01.07.2026ҚР 2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚРЗ КодексіРесми мәтін ↗
Ерекше бөлік22-бөлім · 95-тарау

831-бап. Радиожиілік спектрін пайдаланғаны үшін жылдық мөлшерлемелердің қолданылуы бойынша өтпелі ережелер

Бап мәтіні

Байланыс саласындағы уәкілетті орган радиожиілік спектрін пайдалануға берген рұқсаттар шеңберінде өзіне міндеттемелер қабылдаған, төлемақының тиісті мөлшерлемесін төмендетуден босаған қаражаттан аз емес қаражатты қалалық және ауылдық елді мекендердегі Интернетке кең жолақты қолжетімділік жобаларын қаржыландыруға дербес өзі немесе топтасып жіберген байланыс операторлары үшін осы Кодекстің 645-бабы 2-тармағының кестесі 7-жолының қолданысы 2031 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын, айқындалған жылдық төлемақы мөлшерлемелері 90 пайызға азайтылады деп белгіленсін. Төлеушілер төлеген төлем сомаларын қайтару жүргізілмейді. Байланыс операторлары осындай міндеттемелерді ресімдеу мақсатында байланыс саласындағы уәкілетті органға радиожиілік спектрін пайдалануға арналған рұқсатты жібереді, ол міндеттемелерді енгізеді және радиожиілік спектрін пайдалануға арналған рұқсатты байланыс операторына қайтарады. Байланыс операторлары тиісті міндеттемелер орындалғанға дейін және орындалғаннан кейін көрсетілген жобаларды қаржыландыру бойынша жыл сайынғы аудиттелген мәліметтерді байланыс саласындағы уәкілетті органға ұсынады, сондай-ақ қалалық және ауылдық елді мекендерді Интернетке кең жолақты қолжетімділікпен қамтамасыз ету жөніндегі ақпаратты ай сайынғы негізде береді. Байланыс саласындағы уәкілетті орган радиожиілік спектрін пайдалануға берген рұқсаттар шеңберінде өзіне міндеттемелер қабылдаған, төлемақының тиісті мөлшерлемесін төмендетуден босатылған қаражаттан аз емес қаражатты спутниктік технологияларды қолдана отырып, ауылдық елді мекендерде Интернетке кең жолақты қолжетімділік жобаларын қаржыландыруға дербес өзі жіберген байланыс операторлары үшін осы Кодекстің 645-бабы 2-тармағының кестесі 9, 9.1 және 10-жолдарының қолданысы 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап 2028 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын, айқындалған жылдық төлемақы мөлшерлемелері тиісті міндеттемелер қабылданған күннен бастап 90 пайызға азайтылады деп белгіленсін. Төлеушілер төлеген төлем сомаларын қайтару жүргізілмейді. Байланыс операторлары осындай міндеттемелерді ресімдеу мақсаттарында байланыс саласындағы уәкілетті органға радиожиілік спектрін пайдалануға арналған рұқсатты жібереді, ол міндеттемелерді енгізеді және радиожиілік спектрін пайдалануға арналған рұқсатты байланыс операторына қайтарады. Байланыс операторлары көрсетілген жобаларды қаржыландыру бойынша жыл сайынғы аудиттелген мәліметтерді тиісті міндеттемелер орындалғаннан кейін байланыс саласындағы уәкілетті органға ұсынады.

Менің жазбаларым

Жазбаларды тек сіз көресіз. Әзірге олар осы браузерде сақталады.

Ақпарат мына сайттан алынды: «Әділет» ҰЦҚЖ (adilet.zan.kz). Мәтін редакциясы: 01.07.2026.

Бухгалтерге арналған түсініктеме · Buhpracticum

Осы баптың практикалық талдауын — не өзгерді, кімге қатысты және 1С-те не істеу керек — Buhpracticum курстарында қарастырамыз.

Курста толығырақ

Ақпарат көзі: баптардың мәтіндері мына сайттан алынды: «Әділет» ҰЦҚЖ (adilet.zan.kz) — ҚР 2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚРЗ Кодексі, 01.07.2026 редакциясы. Buhpracticum сайты ресми жариялау көзі болып табылмайды. Заңды маңызы бар әрекеттер үшін ресми мәтінмен салыстырыңыз.

Бухгалтерге арналған түсініктемелер мен безендіру — © Buhpracticum.