Қолданыстағы редакция: 01.07.2026ҚР 2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚРЗ КодексіРесми мәтін ↗
Ерекше бөлік22-бөлім · 95-тарау

829-бап. Жеке практикамен айналысатын адамға қатысты өтпелі ережелер

Бап мәтіні

1

Салық органы осы Кодекс қолданысқа енгізілген күннен бастап он жұмыс күні ішінде қосылған құн салығын төлеуші ретінде тіркеу есебінде тұрған жеке практикамен айналысатын адамды хабардар етпестен, оны осы Кодекс қолданысқа енгізілген күннен бастап қосылған құн салығын төлеуші ретінде тіркеу есебінен шығаруға тиіс.

2

Қосылған құн салығын төлеуші ретінде тіркеу есебінде тұрған жеке практикамен айналысатын адам осы Кодекс қолданысқа енгізілген күннен бастап он жұмыс күні ішінде, тіркелген жеріндегі салық органына қосылған құн салығы бойынша таратудың салықтық есептілігін осындай таратудың салықтық есептілігін ұсыну бойынша міндеттеме туындаған салықтық кезеңнің басынан бастап оны салық органына ұсынған күнге дейінгі кезең үшін ұсынуға міндетті.

3

Жеке практикамен айналысатын адамды қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәлік осы Кодекс қолданысқа енгізілген күннен бастап жарамсыз деп танылады.

Менің жазбаларым

Жазбаларды тек сіз көресіз. Әзірге олар осы браузерде сақталады.

Ақпарат мына сайттан алынды: «Әділет» ҰЦҚЖ (adilet.zan.kz). Мәтін редакциясы: 01.07.2026.

Бухгалтерге арналған түсініктеме · Buhpracticum

Осы баптың практикалық талдауын — не өзгерді, кімге қатысты және 1С-те не істеу керек — Buhpracticum курстарында қарастырамыз.

Курста толығырақ

Ақпарат көзі: баптардың мәтіндері мына сайттан алынды: «Әділет» ҰЦҚЖ (adilet.zan.kz) — ҚР 2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚРЗ Кодексі, 01.07.2026 редакциясы. Buhpracticum сайты ресми жариялау көзі болып табылмайды. Заңды маңызы бар әрекеттер үшін ресми мәтінмен салыстырыңыз.

Бухгалтерге арналған түсініктемелер мен безендіру — © Buhpracticum.