Қолданыстағы редакция: 01.07.2026ҚР 2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚРЗ КодексіРесми мәтін ↗
Ерекше бөлік15-бөлім · 75-тарау

708-бап. Қазақстан Республикасындағы көздерден алынған кірістерге салық салу мақсатында бейрезидент- заңды тұлғаның басқарушылық және жалпы әкімшілік шығыстарын шегерімге жатқызу тәртібі

Бап мәтіні

1

Егер бейрезидент-заңды тұлғаның тұрақты мекеме арқылы Қазақстан Республикасындағы қызметтен салық салынатын кірісін айқындау кезінде халықаралық шарттың ережелерінде бейрезидент-заңды тұлғаның басқарушылық және жалпы әкімшілік шығыстарын (бұдан әрі – бейрезидент-заңды тұлғаның бөлінетін шығыстары) шегеруге жол берілсе, онда мұндай шығыстардың сомасы өз таңдауы бойынша осындай бейрезидент-заңды тұлғамен мынадай:

1) шығыстарды пропорционалды бөлу әдісінің;

2) шығыстарды шегерімге тікелей (тура) жатқызу әдісінің бірі бойынша айқындалады. Осы баптың және осы Кодекстің 709, 710 және 711-баптарының мақсаттары үшін бейрезидент-заңды тұлғаның бөлінетін шығыстары бейрезидент-заңды тұлғаның Қазақстан Республикасында қызметті тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыруға байланысты Қазақстан Республикасында да, оның шегінен тысқары жерде іс жүзінде шеккен басқарушылық және жалпы әкімшілік шығыстары деп танылады. Бұл ретте: қызметі Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме құруға алып келген, бейрезидент-заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі немесе бейрезидент-заңды тұлғаның Қазақстан Республикасында құрылымдық бөлімше ашпай тұрақты мекемесі тікелей шеккен, осы Кодекстің 26-тарауына сәйкес шегерімге жататын басқарушылық және жалпы әкімшілік шығыстары; бейрезидент-заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшелері немесе тұрақты мекемелері басқа елдерде тікелей шеккен, Қазақстан Республикасында салық төлеуші ретінде тіркелген тұрақты мекеменің қызметіне байланысты емес басқарушылық және жалпы әкімшілік шығыстары; бейрезидент-заңды тұлғаның Қазақстан Республикасында тіркелген тұрақты мекеменің қызметіне байланысты емес басқарушылық және жалпы әкімшілік шығыстары бейрезидент-заңды тұлғаның бөлінетін шығыстарына енгізуге жатпайды.

2

Бейрезидент-заңды тұлғаның басқарушылық және жалпы әкімшілік шығыстары – бұл ұйымды басқаруға, басқарушы персоналдың өндірістік процеске байланысты емес еңбегіне ақы төлеуге байланысты шығыстар.

3

Бейрезидент-заңды тұлға өз таңдауы бойынша есепті салықтық кезең ішінде бейрезидент-заңды тұлғаның бөлінетін шығыстарын тұрақты мекеменің шегеріміне жатқызу әдістерінің біреуін ғана қолданады. Бейрезидент-заңды тұлғаның бөлінетін шығыстарын шегерімге жатқызудың қолданылатын әдісі бейрезидент-заңды тұлғаның шегерімге жатқызылатын басқарушылық және жалпы әкімшілік шығыстары жөніндегі ақпаратты қамтитын корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияға қосымшада көрсетіледі.

4

Бейрезидент-заңды тұлғаның бөлінетін шығыстарын Қазақстан Республикасындағы тұрақты мекеме:

1) халықаралық шарттың талаптары сақталған;

2) осы Кодекстің 709-бабының 3-тармағында немесе 711-бабының 3-тармағында көрсетілген құжаттар болған;

3) бейрезидент-заңды тұлғаның резиденттігін растайтын құжат болған кезде шегерімге жатқызады.

5

Егер осы баптың 4-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген құжаттар шет тілінде жасалса, мұндай құжаттардың Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен нотариат куәландырған қазақ немесе орыс тіліне аудармасының болуы міндетті.

6

Бейрезидент-заңды тұлға резиденттікті растайтын құжатты корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияны беру үшін белгіленген мерзімдерде тиісті салық органына ұсынады.

Менің жазбаларым

Жазбаларды тек сіз көресіз. Әзірге олар осы браузерде сақталады.

Ақпарат мына сайттан алынды: «Әділет» ҰЦҚЖ (adilet.zan.kz). Мәтін редакциясы: 01.07.2026.

Бухгалтерге арналған түсініктеме · Buhpracticum

Осы баптың практикалық талдауын — не өзгерді, кімге қатысты және 1С-те не істеу керек — Buhpracticum курстарында қарастырамыз.

Курста толығырақ

Ақпарат көзі: баптардың мәтіндері мына сайттан алынды: «Әділет» ҰЦҚЖ (adilet.zan.kz) — ҚР 2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚРЗ Кодексі, 01.07.2026 редакциясы. Buhpracticum сайты ресми жариялау көзі болып табылмайды. Заңды маңызы бар әрекеттер үшін ресми мәтінмен салыстырыңыз.

Бухгалтерге арналған түсініктемелер мен безендіру — © Buhpracticum.