Қолданыстағы редакция: 01.07.2026ҚР 2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚРЗ КодексіРесми мәтін ↗
Ерекше бөлік15-бөлім · 74-тарау

697-бап. Жеке тұлғаның кірістері мен мүлкі туралы декларацияны ұсыну

Бап мәтіні

1

Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, жеке тұлғаның кірістері мен мүлкі туралы декларацияны осы Кодекске сәйкес дербес салық салуға жататын кірістерді Қазақстан Республикасындағы көздерден алатын бейрезидент-жеке тұлға салық төлеушінің болатын (тұрғылықты) жеріндегі салық органына есепті күнтізбелік жылдан кейінгі жылдың 1 шілдесінен кешіктірмей ұсынады. Есепті күнтізбелік жылдан кейінгі жылдың 1 шілдесіне дейін Қазақстан Республикасының аумағына кейіннен кірместен ағымдағы салықтық кезең ішінде Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерге кету жағдайында бейрезидент-жеке тұлға жеке тұлғаның кірістері мен мүлкі туралы декларацияны ұсынуға және ағымдағы салықтық кезең ішінде жеке табыс салығын төлеуге құқылы. Бұл ретте жеке тұлғаның кірістері мен мүлкі туралы декларация ағымдағы салықтық кезеңнің басынан бастап Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерге осындай тұлға кеткен күнге дейінгі кезең үшін ұсынылады.

2

Жеке тұлғаның кірістері мен мүлкі туралы декларацияны осы Кодекстің 679-бабы 1-тармағының 24) тармақшасында көрсетілген кірістерді алған бейрезидент-еңбекші көшіп келуші есепті салықтық кезең үшін есептелген жеке табыс салығының сомасы ең аз салық салынатын кірістен төленген жеке табыс салығының сомасынан асып кеткен жағдайда ұсынады. Осы тармақта көзделген кірістер бойынша жеке тұлғаның кірістері мен мүлкі туралы декларацияны бейрезидент-еңбекші көшіп келуші болатын жеріндегі салық органына есепті салықтық кезеңнен кейінгі жылдың 1 шілдесінен кешіктірмей ұсынады. Бұл ретте 679-баптың 1-тармағының 24) тармақшасында көрсетілген кірістерді алған бейрезидент-еңбекші көшіп келуші салықтық кезең ішінде Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерге кеткен жағдайда жеке тұлғаның кірістері мен мүлкі туралы декларация (декларациялар) осындай тұлғаның Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерге шығатын күніне дейін ұсынылады.

Менің жазбаларым

Жазбаларды тек сіз көресіз. Әзірге олар осы браузерде сақталады.

Ақпарат мына сайттан алынды: «Әділет» ҰЦҚЖ (adilet.zan.kz). Мәтін редакциясы: 01.07.2026.

Бухгалтерге арналған түсініктеме · Buhpracticum

Осы баптың практикалық талдауын — не өзгерді, кімге қатысты және 1С-те не істеу керек — Buhpracticum курстарында қарастырамыз.

Курста толығырақ

Ақпарат көзі: баптардың мәтіндері мына сайттан алынды: «Әділет» ҰЦҚЖ (adilet.zan.kz) — ҚР 2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚРЗ Кодексі, 01.07.2026 редакциясы. Buhpracticum сайты ресми жариялау көзі болып табылмайды. Заңды маңызы бар әрекеттер үшін ресми мәтінмен салыстырыңыз.

Бухгалтерге арналған түсініктемелер мен безендіру — © Buhpracticum.