Қолданыстағы редакция: 01.07.2026ҚР 2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚРЗ КодексіРесми мәтін ↗
Ерекше бөлік5-бөлім · 27-тарау

291-бап. Орындалу мерзімі ұзақ туынды қаржы құралы бойынша кіріс

Бап мәтіні

1

Своп бойынша, сондай-ақ қолданылу мерзімі жасалған күнінен бастап он екі айдан асатын және орындалуы қаржы құралының қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін мөлшерлері бағаның, валюта бағамының, пайыздық мөлшерлемелер көрсеткіштерінің, индекстердің және осындай туынды қаржы құралы белгілеген өзге де көрсеткіштің өзгеруіне байланысты болатын төлемдерді жүзеге асыруды көздейтін өзге туынды қаржы құралы бойынша кіріс осы бапта белгіленген ережелер ескеріле отырып, түсімдердің шығыстардан асып кетуі ретінде айқындалады. Салықтық есепке алу мақсатында осы тармақта көрсетілген туынды қаржы құралы бойынша кіріс осы тармақта көрсетілген асып кету пайда болатын әрбір салықтық кезеңде танылады.

2

Есепті салықтық кезең ішінде осы баптың 1-тармағында көрсетілген туынды қаржы құралы бойынша алынуға жататын (алынған) төлемдер осы туынды қаржы құралы бойынша түсімдер болып табылады.

3

Есепті салықтық кезең ішінде осы баптың 1-тармағында көрсетілген туынды қаржы құралы бойынша төленуге жататын (төленген) төлемдер осы туынды қаржы құралы бойынша шығыстар болып табылады.

Менің жазбаларым

Жазбаларды тек сіз көресіз. Әзірге олар осы браузерде сақталады.

Ақпарат мына сайттан алынды: «Әділет» ҰЦҚЖ (adilet.zan.kz). Мәтін редакциясы: 01.07.2026.

Бухгалтерге арналған түсініктеме · Buhpracticum

Осы баптың практикалық талдауын — не өзгерді, кімге қатысты және 1С-те не істеу керек — Buhpracticum курстарында қарастырамыз.

Курста толығырақ

Ақпарат көзі: баптардың мәтіндері мына сайттан алынды: «Әділет» ҰЦҚЖ (adilet.zan.kz) — ҚР 2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚРЗ Кодексі, 01.07.2026 редакциясы. Buhpracticum сайты ресми жариялау көзі болып табылмайды. Заңды маңызы бар әрекеттер үшін ресми мәтінмен салыстырыңыз.

Бухгалтерге арналған түсініктемелер мен безендіру — © Buhpracticum.