Қолданыстағы редакция: 01.07.2026ҚР 2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚРЗ КодексіРесми мәтін ↗
Ерекше бөлік5-бөлім · 27-тарау

292-бап. Хеджирлеу операциялары бойынша салықтық есепке алу ерекшеліктері

Бап мәтіні

1

Бағаның, валюта бағамының, пайыздық мөлшерлеменің қолайсыз өзгеруі немесе хеджирлеу объектісінің өзге көрсеткішінің қолайсыз өзгеруі нәтижесіндегі ықтимал залалдарды азайту мақсатында туынды қаржы құралдарымен жасалатын және халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және (немесе) Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес салық төлеушінің бухгалтерлік есепке алуында хеджирлеу құралдары болып танылған операциялар хеджирлеу болып табылады. Активтер және (немесе) міндеттемелер, сондай-ақ көрсетілген активтерге және (немесе) міндеттемелерге немесе күтілетін мәмілелерге байланысты ақша ағындары хеджирлеу объектілері болып табылады.

2

Туынды қаржы құралдарымен жасалатын операцияларды хеджирлеу операцияларына жатқызудың негізділігін растау үшін салық төлеуші осы операцияларды жасау хеджирлеу объектісімен жасалатын мәмілелер бойынша ықтимал залалдардың (пайданы толық алмаудың) мөлшерін төмендетуге алып келетінін (алып келуі мүмкін екенін) растайтын есеп-қисап жасайды.

3

Хеджирлеу объектісі ол бойынша нақты мәміле болып табылатын туынды қаржы құралы бойынша кіріс немесе залал салықтық есепке алуда хеджирлеу мәмілесінің нәтижесі танылған күні осы Кодекстің хеджирлеу объектісі үшін белгіленген нормаларына сәйкес есепке алынады.

4

Хеджирлеу объектісі ол бойынша нақты мәміле болып табылмайтын туынды қаржы құралы бойынша кіріс немесе залал мұндай кіріс немесе залал тиісінше осы Кодекстің 290 және 291-баптарына сәйкес танылған салықтық кезеңде тиісінше жылдық жиынтық кіріске қосылады немесе шегерімге жатады.

Менің жазбаларым

Жазбаларды тек сіз көресіз. Әзірге олар осы браузерде сақталады.

Ақпарат мына сайттан алынды: «Әділет» ҰЦҚЖ (adilet.zan.kz). Мәтін редакциясы: 01.07.2026.

Бухгалтерге арналған түсініктеме · Buhpracticum

Осы баптың практикалық талдауын — не өзгерді, кімге қатысты және 1С-те не істеу керек — Buhpracticum курстарында қарастырамыз.

Курста толығырақ

Ақпарат көзі: баптардың мәтіндері мына сайттан алынды: «Әділет» ҰЦҚЖ (adilet.zan.kz) — ҚР 2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚРЗ Кодексі, 01.07.2026 редакциясы. Buhpracticum сайты ресми жариялау көзі болып табылмайды. Заңды маңызы бар әрекеттер үшін ресми мәтінмен салыстырыңыз.

Бухгалтерге арналған түсініктемелер мен безендіру — © Buhpracticum.