Қолданыстағы редакция: 01.07.2026ҚР 2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚРЗ КодексіРесми мәтін ↗
Ерекше бөлік5-бөлім · 27-тарау

290-бап. Орындалу мерзімі ұзақ туынды қаржы құралын қоспағанда, туынды қаржы құралы бойынша кіріс

Бап мәтіні

1

Кірісі осы Кодекстің 291-бабына сәйкес айқындалатын туынды қаржы құралын қоспағанда, туынды қаржы құралы бойынша кіріс туынды қаржы құралы бойынша түсімдердің шығыстардан асып кетуі ретінде айқындалады. Салықтық есепке алу мақсатында мұндай кіріс салық төлеушінің туынды қаржы құралы бойынша құқықтары немесе міндеттемелері орындалған, мерзімінен бұрын немесе өзгедей тоқтатылған күні, сондай-ақ талаптары туынды қаржы құралымен бұрын жасалған мәміле бойынша міндеттемелерді толығымен немесе ішінара өтейтін туынды қаржы құралымен мәміле жасасу күні танылады.

2

Туынды қаржы құралы бойынша мәміле мерзімі ішінде аралық есеп айырысу кезінде, сондай-ақ орындау немесе мерзімінен бұрын тоқтату күні алынуға жататын (алынған) төлемдер осы туынды қаржы құралы бойынша түсімдер болып табылады.

3

Туынды қаржы құралы бойынша мәміле мерзімі ішінде аралық есеп айырысу кезінде, сондай-ақ орындау немесе мерзімінен бұрын тоқтату күні төленуге жататын (төленген) төлемдер осы туынды қаржы құралы бойынша шығыстар болып табылады.

Менің жазбаларым

Жазбаларды тек сіз көресіз. Әзірге олар осы браузерде сақталады.

Ақпарат мына сайттан алынды: «Әділет» ҰЦҚЖ (adilet.zan.kz). Мәтін редакциясы: 01.07.2026.

Бухгалтерге арналған түсініктеме · Buhpracticum

Осы баптың практикалық талдауын — не өзгерді, кімге қатысты және 1С-те не істеу керек — Buhpracticum курстарында қарастырамыз.

Курста толығырақ

Ақпарат көзі: баптардың мәтіндері мына сайттан алынды: «Әділет» ҰЦҚЖ (adilet.zan.kz) — ҚР 2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚРЗ Кодексі, 01.07.2026 редакциясы. Buhpracticum сайты ресми жариялау көзі болып табылмайды. Заңды маңызы бар әрекеттер үшін ресми мәтінмен салыстырыңыз.

Бухгалтерге арналған түсініктемелер мен безендіру — © Buhpracticum.