17-бап. "Астана Хаб" қатысушысы
Бап мәтіні
Бір мезгілде мынадай шарттарға сәйкес келетін заңды тұлға "Астана Хаб" қатысушысына жатады:
1) Қазақстан Республикасының инновациялық кластер туралы заңнамасына сәйкес "Астана Хаб" дербес кластерлік қорында қатысушы ретінде тіркелген;
2) осындай заңды тұлғаның жылдық жиынтық кірісінің кемінде 90 пайызын ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы қызметтің басым түрлерін жүзеге асырудан түсетін кірістер құрайтын;
3) тауарларды өндіру және өткізу жағдайында – мұндай тауарлар өз өндірісінің өлшемшарттарына сәйкес келетін заңды тұлға. Осы тармақтың бірінші бөлігінің 2) тармақшасында көзделген кірісті айқындау кезінде, егер олар ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы қызметтің басым түрлерін жүзеге асырудан кіріс алуға байланысты болса, мына кірістер де ескеріледі: өтеусіз алынған мүлік түріндегі кіріс, депозиттер бойынша сыйақы, оң бағамдық айырма сомасының теріс бағамдық айырма сомасынан асып кетуі, күмәнді міндеттемелер бойынша өсімпұлдар мен айыппұлдарды қоса алғанда, осындай міндеттемелер бойынша кіріс.
Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы қызметтің басым түрлерінің тізбесін және өз өндірісінің өлшемшарттарын мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен, техникалық реттеу саласындағы уәкілетті органмен, инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті органмен және уәкілетті органмен келісу бойынша ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган бекітеді.
Менің жазбаларым
Жазбаларды тек сіз көресіз. Әзірге олар осы браузерде сақталады.
Ақпарат мына сайттан алынды: «Әділет» ҰЦҚЖ (adilet.zan.kz). Мәтін редакциясы: 01.07.2026.
Бухгалтерге арналған түсініктеме · Buhpracticum
Осы баптың практикалық талдауын — не өзгерді, кімге қатысты және 1С-те не істеу керек — Buhpracticum курстарында қарастырамыз.