132-бап. Төлеу бойынша салықтық міндеттемені орындау мерзімдерін өзгерту туралы жалпы ережелер
Бап мәтіні
Төлеу бойынша салықтық міндеттемені орындау мерзімдерін өзгерту – салықтарды және (немесе) төлемақыларды төлеудің осы Кодексте белгіленген мерзімін неғұрлым кешірек мерзімге ауыстыру не салықтық берешекті өтеу мерзімдерін ұзарту.
Төлеу бойынша салықтық міндеттемені орындау мерзімдерін өзгерту:
1) салықтарды және (немесе) төлемақыларды төлеу бойынша кейінге қалдыру (бөліп төлеу);
2) импортталатын тауарлар бойынша қосылған құн салығын төлеу мерзімін өзгерту;
3) мемлекеттік баж төлеу бойынша кейінге қалдыру нысандарында жүзеге асырылады.
Салықтарды және (немесе) төлемақыларды төлеу бойынша салықтық міндеттемені орындау мерзімдерін өзгерту:
1) өнім өндіру кезінде пайдаланылатын импортталатын тауарлар бойынша қосылған құн салығы бойынша меншікті өндіріс тауарларын өндіруші – салық төлеушіге бір күнтізбелік жылға дейінгі кезеңге кейінге қалдыруды;
2) Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамасында көзделген берешекті қайта құрылымдау рәсімі шеңберінде кейінге қалдыруды (бөліп төлеуді) беру жағдайларын қоспағанда, салық төлеушіні оларды уақтылы төлемегені үшін өсімпұл төлеуден босатпайды.
Менің жазбаларым
Жазбаларды тек сіз көресіз. Әзірге олар осы браузерде сақталады.
Ақпарат мына сайттан алынды: «Әділет» ҰЦҚЖ (adilet.zan.kz). Мәтін редакциясы: 01.07.2026.
Бухгалтерге арналған түсініктеме · Buhpracticum
Осы баптың практикалық талдауын — не өзгерді, кімге қатысты және 1С-те не істеу керек — Buhpracticum курстарында қарастырамыз.