Қолданыстағы редакция: 01.07.2026ҚР 2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚРЗ КодексіРесми мәтін ↗
Жалпы бөлік3-бөлім · 11-тарау

134-бап. ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің аумағынан импортталатын тауарларды қоспағанда, импортталатын тауарлар бойынша қосылған құн салығын төлеу мерзімін өзгерту

Бап мәтіні

1

ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің аумағынан импортталатын тауарларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағында өндірісі жоқ немесе Қазақстан Республикасының қажеттіліктерін жаппайтын, импортталатын тауарлар бойынша қосылған құн салығын төлеу мерзімін өзгерту салық төлеуші өнімді өндіру кезінде осындай тауарларды пайдаланған жағдайда жүргізіледі.

2

Тауарлар Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында айқындалған тәртіппен өнім өндіру мақсаттары үшін импортталған деп танылады. Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын, осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген, қайта өңдеуге арналған тауарлардың, сондай-ақ осындай тауарларды импорттайтын Қазақстан Республикасы салық төлеушілерінің тізбесін уәкілетті органмен келісу бойынша мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган бекітеді.

3

ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің аумағынан импортталатын тауарларды қоспағанда, импортталатын тауарлар бойынша қосылған құн салығын төлеу мерзімін өзгерту тәртібі мен мерзімдерін уәкілетті орган айқындайды.

Менің жазбаларым

Жазбаларды тек сіз көресіз. Әзірге олар осы браузерде сақталады.

Ақпарат мына сайттан алынды: «Әділет» ҰЦҚЖ (adilet.zan.kz). Мәтін редакциясы: 01.07.2026.

Бухгалтерге арналған түсініктеме · Buhpracticum

Осы баптың практикалық талдауын — не өзгерді, кімге қатысты және 1С-те не істеу керек — Buhpracticum курстарында қарастырамыз.

Курста толығырақ

Ақпарат көзі: баптардың мәтіндері мына сайттан алынды: «Әділет» ҰЦҚЖ (adilet.zan.kz) — ҚР 2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚРЗ Кодексі, 01.07.2026 редакциясы. Buhpracticum сайты ресми жариялау көзі болып табылмайды. Заңды маңызы бар әрекеттер үшін ресми мәтінмен салыстырыңыз.

Бухгалтерге арналған түсініктемелер мен безендіру — © Buhpracticum.