Қолданыстағы редакция: 01.07.2026ҚР 2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚРЗ КодексіРесми мәтін ↗
Жалпы бөлік3-бөлім · 8-тарауМКК жауабы

110-бап. Бақылау-касса машинасын қолдану жөніндегі жалпы ережелер

Бап мәтіні

1

Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, Қазақстан Республикасының аумағында ақшалай есеп айырысулар деректерді тіркеп-белгілеу және (немесе) беру функциясы бар, модельдері кассалық машиналар тізіліміне енгізілген бақылау-касса машинасы мiндеттi түрде қолданылып жүргiзiледi.

2

Бақылау-касса машинасын қолданудан:

1) жеке тұлға;

2) жеке сот орындаушысы, адвокат және кәсіби медиатор;

3) қалалық қоғамдық көлікте билеттер бере отырып, тасымалдау бойынша халыққа қызмет көрсету бөлігіндегі тұлға босатылады. Қоғамдық қалалық көлік билеттерінің нысанын уәкілетті органмен келісу бойынша көлік саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган бекітеді;

4) Ұлттық Банк;

5) екінші деңгейдегі банк;

6) діни бірлестік;

7) ортақ пайдаланылатын телекоммуникациялар желісі жоқ жерлерде жүзеге асырылатын ақшалай есеп айырысуларды қоспағанда, Ұлттық пошта операторы;

8) арнаулы мобильді қосымша арқылы есеп айырысуды жүзеге асыратын тұлға босатылады.

3

Қызметі ортақ пайдаланылатын телекоммуникациялар желісі жоқ жерлерде болатын салық төлеуші ақшалай есеп айырысуларды жүзеге асыру кезінде бақылау-касса машиналарын деректерді бермей қолданады.

4

Қолма-қол ақша арқылы сауда операциялары немесе қызметтер көрсету кезінде ақшалай есеп айырысуларды жүзеге асыратын сауда автоматтары мен көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу терминалдары деректерді тіркеп-белгілеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машинасымен жарақтандырылуға жатады.

МКК: сұрақ — жауап

Дүкенде чек бермесе не істеу керек?

Қазақстанда ақшалай есеп айырысулар 110-бапта көрсетілген жағдайларды қоспағанда, деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машинасын міндетті түрде қолдана отырып жүргізіледі. ББМ қолдану тәртібін бұзғаны үшін Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекс бойынша жауаптылық көзделген. (110-баптың 1-тармағы)

Қысқаша — жаңа Кодекс бойынша, Buhpracticum баяндауы. Сұрақ мына жинақтан: ҚР ҚМ МКК, өтініштерге жауаптар, 15.09.2025; МКК мына норма бойынша жауап берген: 2017 ж. Кодекстің 166-бабының 1-тармағы. МКК түсіндірмелері нормативтік құқықтық акт болып табылмайды.

Менің жазбаларым

Жазбаларды тек сіз көресіз. Әзірге олар осы браузерде сақталады.

Ақпарат мына сайттан алынды: «Әділет» ҰЦҚЖ (adilet.zan.kz). Мәтін редакциясы: 01.07.2026.

Бухгалтерге арналған түсініктеме · Buhpracticum

Осы баптың практикалық талдауын — не өзгерді, кімге қатысты және 1С-те не істеу керек — Buhpracticum курстарында қарастырамыз.

Курста толығырақ

Ақпарат көзі: баптардың мәтіндері мына сайттан алынды: «Әділет» ҰЦҚЖ (adilet.zan.kz) — ҚР 2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚРЗ Кодексі, 01.07.2026 редакциясы. Buhpracticum сайты ресми жариялау көзі болып табылмайды. Заңды маңызы бар әрекеттер үшін ресми мәтінмен салыстырыңыз.

Бухгалтерге арналған түсініктемелер мен безендіру — © Buhpracticum.