Қолданыстағы редакция: 01.07.2026ҚР 2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚРЗ КодексіРесми мәтін ↗
Жалпы бөлік3-бөлім · 14-тарау

143-бап. Салықтық мониторингтің жалпы ережелері

Бап мәтіні

1

Салықтық мониторинг – Қазақстан Республикасының салық заңнамасының және Қазақстан Республикасының трансферттік баға белгілеу туралы заңнамасының сақталуын бақылау мақсатында салық төлеушілердің жекелеген санаттарының қызметі туралы ақпаратты жинау және талдау.

2

Салықтық мониторинг түрлері:

1) ірі салық төлеушілер мониторингі;

2) трансферттік баға белгілеу мәселелерін қоспағанда, деңгейлес мониторинг.

3

Ірі салық төлеушілер мониторингі – ірі салық төлеушілер мониторингіне қатысушы ұсынған ақпаратты және құжаттарды зерделеу жолымен, оның ішінде уәкілетті органның талабы бойынша жүзеге асырылады. Деңгейлес мониторинг уәкілетті орган мен деңгейлес мониторингке қатысушы арасында ақпараттық өзара іс-қимыл жасау арқылы жүзеге асырылады. Ірі салық төлеушілер мониторингіне қатысушылардың тізбесіне енгізілген деңгейлес мониторингке қатысушыларға қатысты ірі салық төлеушілер мониторингі жүзеге асырылмайды.

Менің жазбаларым

Жазбаларды тек сіз көресіз. Әзірге олар осы браузерде сақталады.

Ақпарат мына сайттан алынды: «Әділет» ҰЦҚЖ (adilet.zan.kz). Мәтін редакциясы: 01.07.2026.

Бухгалтерге арналған түсініктеме · Buhpracticum

Осы баптың практикалық талдауын — не өзгерді, кімге қатысты және 1С-те не істеу керек — Buhpracticum курстарында қарастырамыз.

Курста толығырақ

Ақпарат көзі: баптардың мәтіндері мына сайттан алынды: «Әділет» ҰЦҚЖ (adilet.zan.kz) — ҚР 2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚРЗ Кодексі, 01.07.2026 редакциясы. Buhpracticum сайты ресми жариялау көзі болып табылмайды. Заңды маңызы бар әрекеттер үшін ресми мәтінмен салыстырыңыз.

Бухгалтерге арналған түсініктемелер мен безендіру — © Buhpracticum.