Қолданыстағы редакция: 01.07.2026ҚР 2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚРЗ КодексіРесми мәтін ↗
Жалпы бөлік3-бөлім · 14-тарау

150-бап. Алдын ала түсіндірмені ұсыну тәртібі

Бап мәтіні

1

Уәкілетті орган жоспарланып отырған мәмілелерге (операцияларға) қатысты салықтық міндеттеменің туындауы бойынша алдын ала түсіндірме ұсыну туралы деңгейлес мониторингке қатысушының сұрау салуы (бұдан әрі осы тараудың мақсатында – сұрау салу) бойынша алдын ала түсіндірме ұсынады.

2

Сұрау салуда:

1) деңгейлес мониторингке қатысушының сәйкестендіру деректері;

2) жоспарланып отырған мәміленің (операцияның) мақсаты мен шарттарының, оның ішінде тараптардың құқықтары мен міндеттерінің сипаттамасы;

3) жоспарланып отырған мәмілеге (операцияға) қатысты салықтар мен бюджетке төленетін төлемдерді есептеу мәселесі бойынша деңгейлес мониторингке қатысушының ұстанымы;

4) қоса беріліп отырған құжаттардың, оның ішінде сұрау салуда көрсетілген мәліметтерді растайтын құжаттардың тізбесі (бар болса);

5) қол қойылған күні қамтылуға тиіс. Сұрау салуда алдын ала түсіндірмені дайындау үшін маңызы бар өзге де мәліметтер көрсетілуі мүмкін.

3

Деңгейлес мониторингке қатысушы уәкілетті орган алдын ала түсіндірме ұсынған күнге дейін сұрау салуды кері қайтарып алуға құқылы.

4

Деңгейлес мониторингке қатысушының осы баптың 2-тармағында белгіленген талаптарды сақтамауы сұрау салуды қараудан бас тартуға негіз болып табылады.

5

Сұрау салуды қарау Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінде айқындалған тәртіппен жүзеге асырылады.

6

Алдын ала түсіндірмені дайындау барысында уәкілетті орган деңгейлес мониторингке қатысушыны алдын ала түсіндірмені дайындау үшін маңызы бар қосымша мәліметтер алу үшін шақыруға құқылы.

7

Алдын ала түсіндірме деңгейлес мониторингке қатысушы ұсынған мәліметтер мен құжаттар шегінде ұсынылады.

Менің жазбаларым

Жазбаларды тек сіз көресіз. Әзірге олар осы браузерде сақталады.

Ақпарат мына сайттан алынды: «Әділет» ҰЦҚЖ (adilet.zan.kz). Мәтін редакциясы: 01.07.2026.

Бухгалтерге арналған түсініктеме · Buhpracticum

Осы баптың практикалық талдауын — не өзгерді, кімге қатысты және 1С-те не істеу керек — Buhpracticum курстарында қарастырамыз.

Курста толығырақ

Ақпарат көзі: баптардың мәтіндері мына сайттан алынды: «Әділет» ҰЦҚЖ (adilet.zan.kz) — ҚР 2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚРЗ Кодексі, 01.07.2026 редакциясы. Buhpracticum сайты ресми жариялау көзі болып табылмайды. Заңды маңызы бар әрекеттер үшін ресми мәтінмен салыстырыңыз.

Бухгалтерге арналған түсініктемелер мен безендіру — © Buhpracticum.