151-бап. Салықтық бақылау
Бап мәтіні
¶ 1
Салықтық бақылау – сақталуын бақылау салық органдарына жүктелген, салық органдары жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының салық заңнамасы мен Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасы нормаларының орындалуын мемлекеттік бақылау.
¶ 2
Салықтық бақылауды салықтық тексеруді жүргізу арқылы тек салық органдары жүзеге асырады.
¶ 3
Салықтық тексеру жүргізудің жалпы тәртібі осы Кодексте, сондай-ақ осы Кодексте реттелмеген бөлігінде Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінде айқындалады.
Менің жазбаларым
Жазбаларды тек сіз көресіз. Әзірге олар осы браузерде сақталады.
Ақпарат мына сайттан алынды: «Әділет» ҰЦҚЖ (adilet.zan.kz). Мәтін редакциясы: 01.07.2026.
Бухгалтерге арналған түсініктеме · Buhpracticum
Осы баптың практикалық талдауын — не өзгерді, кімге қатысты және 1С-те не істеу керек — Buhpracticum курстарында қарастырамыз.