Қолданыстағы редакция: 01.07.2026ҚР 2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚРЗ КодексіРесми мәтін ↗
Жалпы бөлік3-бөлім · 15-тарау

154-бап. Салық органының нұсқамасы

Бап мәтіні

1

Салық органының нұсқамасында:

1) салық органында нұсқаманың тіркелген күні мен нөмірі;

2) салықтық тексеру салық төлеушіге (салық агентіне) қатысты тікелей тағайындалған жағдайларда – салық төлеушінің (салық агентінің) сәйкестендіру деректері;

3) нұсқаманы шығарған салық органының атауы;

4) Кәсіпкерлік кодексте көзделген жағдайларда салықтық тексерудің түрі мен нысаны;

5) салықтық тексеру салық төлеушіге (салық агентіне) қатысты тікелей тағайындалатын жағдайларда – хронометраждық зерттеп-қарауды қоспағанда, салықтық тексеру мерзімі, тексерілетін кезеңдер;

6) салықтық тексеру нақты салық төлеушіге (салық агентіне) қатысты тағайындалмаған жағдайларда – аумақтың тексерілетін учаскесі, салықтық тексеру барысында анықталуға жататын мәселелер;

7) салық органының салықтық тексеруді жүргізуге уәкілеттік берілген лауазымды адамдарының, сондай-ақ осы Кодекске сәйкес салықтық тексеру жүргізуге қатысу үшін тартылатын мамандардың тегі, аты және әкесінің аты қамтылуға тиіс. Салық органының нұсқамасы электрондық құжат нысанында жазып берілуі мүмкін.

2

Хронометраждық зерттеп-қарауды қоспағанда, салықтық тексерулерді тағайындау кезінде салық органының нұсқамасында салықтық тексерудің нысанына қарай, тексеруге жататын мәселелер көрсетіледі. Кешенді салықтық тексеру жүргізуге арналған нұсқамада тексерілетін салықтардың, бюджетке төленетін төлемдердің және әлеуметтік төлемдердің түрлері көрсетілмейді.

3

Егер осы тармақта өзгеше белгіленбесе, нұсқамаға салық органының бірінші басшысы немесе оны алмастыратын адам қол қояды. Қарсы салықтық тексеруді, сондай-ақ хронометраждық зерттеп-қарауды жүргізуге арналған нұсқамаға салық органы басшысының орынбасары не оны алмастыратын адам қол қоя алады.

4

Салық органы қосымша нұсқаманы мынадай:

1) салықтық тексеру жүргізу мерзімдері ұзартылған;

2) салық органының салықтық тексеруді жүргізетін лауазымды адамдарының саны өзгерген және (немесе) олар алмастырылған;

3) тексерілетін кезең өзгерген жағдайда жазып береді. Қосымша нұсқамада:

1) алдыңғы нұсқаманың тіркелген күні мен нөмірі;

2) салық органы лауазымды адамдарының және осы Кодекске сәйкес салықтық тексеруді жүргізуге тартылатын мамандардың тегі, аты және әкесінің аты қамтылуға тиіс.

Менің жазбаларым

Жазбаларды тек сіз көресіз. Әзірге олар осы браузерде сақталады.

Ақпарат мына сайттан алынды: «Әділет» ҰЦҚЖ (adilet.zan.kz). Мәтін редакциясы: 01.07.2026.

Бухгалтерге арналған түсініктеме · Buhpracticum

Осы баптың практикалық талдауын — не өзгерді, кімге қатысты және 1С-те не істеу керек — Buhpracticum курстарында қарастырамыз.

Курста толығырақ

Ақпарат көзі: баптардың мәтіндері мына сайттан алынды: «Әділет» ҰЦҚЖ (adilet.zan.kz) — ҚР 2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚРЗ Кодексі, 01.07.2026 редакциясы. Buhpracticum сайты ресми жариялау көзі болып табылмайды. Заңды маңызы бар әрекеттер үшін ресми мәтінмен салыстырыңыз.

Бухгалтерге арналған түсініктемелер мен безендіру — © Buhpracticum.