Қолданыстағы редакция: 01.07.2026ҚР 2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚРЗ КодексіРесми мәтін ↗
Жалпы бөлік3-бөлім · 15-тарау

157-бап. Қарсы салықтық тексеру

Бап мәтіні

1

Қарсы салықтық тексеру – кешенді немесе тақырыптық салықтық тексеру жүргізілетін салық төлеушімен (салық агентімен) операцияларды жүзеге асырған тұлғаларды осындай операциялар туралы қосымша ақпарат алу, көрсетілген салық төлеушіні (салық агентін) салықтық тексеру барысында туындайтын мәселелер бойынша операциялар фактісі мен мазмұнын растау мақсатында қосалқы салықтық тексеру. Бұл ретте қарсы салықтық тексеру талап қоюдың ескіру мерзімі шегінде салық төлеушіні (салық агентін) тексеру кезеңіне сәйкес келетін кезеңге жүргізіледі.

2

Қарсы салықтық тексеру уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен тағайындалады.

3

Қарсы салықтық тексеру деп:

1) тараптардың бірі Қазақстан Республикасы болып табылатын, салық немесе құқық қорғау органдары арасындағы өзара ынтымақтастық туралы халықаралық шарттарға (келісімдерге), сондай-ақ Қазақстан Республикасы халықаралық ұйымдармен жасасқан шарттарға сәйкес басқа мемлекеттердің салық немесе құқық қорғау органдарының, халықаралық ұйымдардың сұрау салулары бойынша;

2) деңгейлес мониторингке қатысушылармен операцияларды жүзеге асыратын тұлғаларға қатысты жүргізілетін тексеру де танылады.

Менің жазбаларым

Жазбаларды тек сіз көресіз. Әзірге олар осы браузерде сақталады.

Ақпарат мына сайттан алынды: «Әділет» ҰЦҚЖ (adilet.zan.kz). Мәтін редакциясы: 01.07.2026.

Бухгалтерге арналған түсініктеме · Buhpracticum

Осы баптың практикалық талдауын — не өзгерді, кімге қатысты және 1С-те не істеу керек — Buhpracticum курстарында қарастырамыз.

Курста толығырақ

Ақпарат көзі: баптардың мәтіндері мына сайттан алынды: «Әділет» ҰЦҚЖ (adilet.zan.kz) — ҚР 2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚРЗ Кодексі, 01.07.2026 редакциясы. Buhpracticum сайты ресми жариялау көзі болып табылмайды. Заңды маңызы бар әрекеттер үшін ресми мәтінмен салыстырыңыз.

Бухгалтерге арналған түсініктемелер мен безендіру — © Buhpracticum.