Қолданыстағы редакция: 01.07.2026ҚР 2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚРЗ КодексіРесми мәтін ↗
Жалпы бөлік3-бөлім · 15-тарау

164-бап. Құжаттарды ұсыну туралы талап

Бап мәтіні

1

Салық органының нұсқамасы табыс етілген кезде салық төлеушіге (салық агентіне) құжаттарды ұсыну туралы талап табыс етілуі мүмкін. Орта және ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жатқызылған салық төлеушілерді тексерулерді қоспағанда, тексеру жүргізу уақытында құжаттарды ұсыну туралы талап екі реттен асырмай табыс етіледі.

2

Салық төлеушінің (салық агентінің) құжаттарды ұсыну туралы талапты орындау мерзімі табыс етілген күннен кейінгі күннен бастап он жұмыс күнін құрайды. Салық төлеуші (салық агенті) құжаттарды ұсыну туралы талапты орындау үшін қосымша мерзімнің қажеттілігі туралы өтінішхат жолдаған жағдайларда, салық органы сұратылатын құжаттардың көлемін негізге ала отырып, орындау мерзімін отыз жұмыс күніне дейін ұзарта алады.

Менің жазбаларым

Жазбаларды тек сіз көресіз. Әзірге олар осы браузерде сақталады.

Ақпарат мына сайттан алынды: «Әділет» ҰЦҚЖ (adilet.zan.kz). Мәтін редакциясы: 01.07.2026.

Бухгалтерге арналған түсініктеме · Buhpracticum

Осы баптың практикалық талдауын — не өзгерді, кімге қатысты және 1С-те не істеу керек — Buhpracticum курстарында қарастырамыз.

Курста толығырақ

Ақпарат көзі: баптардың мәтіндері мына сайттан алынды: «Әділет» ҰЦҚЖ (adilet.zan.kz) — ҚР 2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚРЗ Кодексі, 01.07.2026 редакциясы. Buhpracticum сайты ресми жариялау көзі болып табылмайды. Заңды маңызы бар әрекеттер үшін ресми мәтінмен салыстырыңыз.

Бухгалтерге арналған түсініктемелер мен безендіру — © Buhpracticum.