Қолданыстағы редакция: 01.07.2026ҚР 2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚРЗ КодексіРесми мәтін ↗
Жалпы бөлік3-бөлім · 15-тарау

158-бап. Хронометраждық зерттеп-қарау

Бап мәтіні

1

Хронометраждық зерттеп-қарау – зерттеп-қарау жүргізілетін кезең ішінде салық төлеушінің нақты кірісін және кіріс алуға бағытталған қызметке байланысты нақты шығындарын анықтау мақсатында салық органы жүргізетін салықтық тексеру.

2

Хронометраждық зерттеп-қарау нәтижелері:

1) салықтық тәуекелдерді басқару жүйесінде пайдаланылады;

2) кешенді немесе тақырыптық салықтық тексеру қорытындылары бойынша салықтар мен бюджетке төленетін төлемдер сомаларын есепке жазуды жүргізу кезінде ескеріледі.

3

Салық органы хронометраждық зерттеп-қарауды жүргізу туралы шешімді уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен, салық төлеушінің тіркеу деректерінде көрсетілген тұрған жері бойынша және (немесе) салық салу объектiсiнің және (немесе) салық салуға байланысты объектiнің тұрған жері бойынша шығарады.

Менің жазбаларым

Жазбаларды тек сіз көресіз. Әзірге олар осы браузерде сақталады.

Ақпарат мына сайттан алынды: «Әділет» ҰЦҚЖ (adilet.zan.kz). Мәтін редакциясы: 01.07.2026.

Бухгалтерге арналған түсініктеме · Buhpracticum

Осы баптың практикалық талдауын — не өзгерді, кімге қатысты және 1С-те не істеу керек — Buhpracticum курстарында қарастырамыз.

Курста толығырақ

Ақпарат көзі: баптардың мәтіндері мына сайттан алынды: «Әділет» ҰЦҚЖ (adilet.zan.kz) — ҚР 2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚРЗ Кодексі, 01.07.2026 редакциясы. Buhpracticum сайты ресми жариялау көзі болып табылмайды. Заңды маңызы бар әрекеттер үшін ресми мәтінмен салыстырыңыз.

Бухгалтерге арналған түсініктемелер мен безендіру — © Buhpracticum.