Қолданыстағы редакция: 01.07.2026ҚР 2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚРЗ КодексіРесми мәтін ↗
Жалпы бөлік3-бөлім · 15-тарау

172-бап. Есепке алу құжаттары және өзге де құжаттар болмаған кездегі салықтық тексерулер

Бап мәтіні

1

Егер салықтық тексеруді жүргізу барысында салық төлеуші (салық агенті) салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді айқындау үшін қажетті құжаттардың барлығын немесе бір бөлігін ұсынбаған болса, салық төлеушіге (салық агентіне) міндетті түрде салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді айқындау үшін қажетті құжаттарды және (немесе) мәліметтерді ұсыну немесе қалпына келтіру туралы талап (бұдан әрі – құжаттарды және (немесе) мәліметтерді ұсыну немесе қалпына келтіру туралы талап), сондай-ақ салықтық тексеруді тоқтата тұру туралы хабархат ұсынылады.

2

Құжаттарды және (немесе) мәліметтерді ұсыну немесе қалпына келтіру туралы талап салық төлеушіге (салық агентіне) осы Кодекстің 171-бабының 4-тармағында айқындалған тәртіппен ұсынылады.

3

Құжаттарды және (немесе) мәліметтерді ұсыну немесе қалпына келтіру туралы талапты орындау мерзімі табыс етілген күнінен кейінгі күннен бастап отыз жұмыс күнін құрайды.

4

Салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді айқындау үшін қажетті құжаттарды ұсынбаған салық төлеуші (салық агенті) құжаттарды және (немесе) мәліметтерді ұсыну немесе қалпына келтіру туралы талап бойынша көрсетілген құжаттарды ұсынбау себептеріне жазбаша түсініктеме беруге міндетті.

Менің жазбаларым

Жазбаларды тек сіз көресіз. Әзірге олар осы браузерде сақталады.

Ақпарат мына сайттан алынды: «Әділет» ҰЦҚЖ (adilet.zan.kz). Мәтін редакциясы: 01.07.2026.

Бухгалтерге арналған түсініктеме · Buhpracticum

Осы баптың практикалық талдауын — не өзгерді, кімге қатысты және 1С-те не істеу керек — Buhpracticum курстарында қарастырамыз.

Курста толығырақ

Ақпарат көзі: баптардың мәтіндері мына сайттан алынды: «Әділет» ҰЦҚЖ (adilet.zan.kz) — ҚР 2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚРЗ Кодексі, 01.07.2026 редакциясы. Buhpracticum сайты ресми жариялау көзі болып табылмайды. Заңды маңызы бар әрекеттер үшін ресми мәтінмен салыстырыңыз.

Бухгалтерге арналған түсініктемелер мен безендіру — © Buhpracticum.