Қолданыстағы редакция: 01.07.2026ҚР 2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚРЗ КодексіРесми мәтін ↗
Ерекше бөлік3-бөлім · 21-тарау

218-бап. Жалпы ережелер

Бап мәтіні

"Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бухгалтерлік есепке алуды жүргізуді және қаржылық есептілік жасауды жүзеге асырмайтын дара кәсіпкерлердің салықтық есепке алуды жүргізуі және салықтық міндеттемелерін айқындау және орындау тәртібі бөлігінде осы Кодекстің нормаларын қолдану мақсатында мынадай ұғымдар пайдаланылады:

1) активтер – дара кәсiпкер бақылап отыратын, болашақта экономикалық пайда алу күтiлетiн мүлік;

2) бастапқы есепке алу құжаттары – салықтық есепке алуды жүргiзуге негiз болатын, операцияның немесе оқиғаның жасалу фактiсiн және оны жасауға құқықты қағаз жеткізгіште де, электрондық жеткiзгiште де құжатпен куәландыру;

3) биологиялық актив – ауыл шаруашылығы қызметінде пайдалануға арналған жануар немесе өсімдік;

4) запастар – сатуға, сондай-ақ өндірістік процесте, әкімшілік мақсаттар үшін немесе жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету кезінде пайдалануға арналған активтер;

5) капитал – дара кәсiпкердiң активтерінде барлық мiндеттеме шегерiлгеннен кейiн қалатын үлес;

6) кірістер – есептi кезең iшiнде активтердiң түсуі немесе өсуi немесе мiндеттемелердiң азаюы нысанында экономикалық пайданың ұлғаюы, олар капиталға қатысушы тұлғаның жарналарымен байланысты ұлғаюдан өзгеше капиталдың ұлғаюына алып келеді;

7) материалдық емес актив – физикалық пішіні жоқ, өндірісте пайдалануға немесе әкімшілік мақсаттарға, оның ішінде басқа тұлғаларға мүліктік жалдауға (жалға) беруге арналған сәйкестендірілетін ақшалай емес актив;

8) мiндеттеме – дара кәсiпкердiң қолданыстағы мiндетi, оны реттеу экономикалық пайданы қамтитын ресурстардың шығып қалуына алып келеді;

9) негізгі құралдар – материалдық активтер: олар тауарларды өткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету кезінде өндірісте пайдалануға немесе әкімшілік мақсаттарға, оның ішінде басқа тұлғаларға мүліктік жалдауға (жалға) беруге арналған; оларды бір жылдан астам уақыт бойы пайдалану болжанады.

Менің жазбаларым

Жазбаларды тек сіз көресіз. Әзірге олар осы браузерде сақталады.

Ақпарат мына сайттан алынды: «Әділет» ҰЦҚЖ (adilet.zan.kz). Мәтін редакциясы: 01.07.2026.

Бухгалтерге арналған түсініктеме · Buhpracticum

Осы баптың практикалық талдауын — не өзгерді, кімге қатысты және 1С-те не істеу керек — Buhpracticum курстарында қарастырамыз.

Курста толығырақ

Ақпарат көзі: баптардың мәтіндері мына сайттан алынды: «Әділет» ҰЦҚЖ (adilet.zan.kz) — ҚР 2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚРЗ Кодексі, 01.07.2026 редакциясы. Buhpracticum сайты ресми жариялау көзі болып табылмайды. Заңды маңызы бар әрекеттер үшін ресми мәтінмен салыстырыңыз.

Бухгалтерге арналған түсініктемелер мен безендіру — © Buhpracticum.