Қолданыстағы редакция: 01.07.2026ҚР 2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚРЗ КодексіРесми мәтін ↗
Ерекше бөлік3-бөлім · 20-тарау

217-бап. Адвокаттың кеңседе адвокаттық қызметті жүзеге асыру

Бап мәтіні

1

Адвокат адвокаттық кеңседе заң көмегін көрсеткен кезде салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер осы Кодексте айқындалған тәртіппен тиісінше адвокаттық кеңсенің әрбір адвокатынан есепке алынады және оларға салық салынады.

2

Әрбір адвокат адвокаттық кеңсемен өз атынан, оған кіретін адвокаттардың тапсырмасы бойынша, олардың есебінен және мүдделері үшін жасалған шарттар бойынша жүзеге асырылатын адвокаттық қызмет бойынша өз мүлкін, кірістері мен салық салу объектілеріндегі және (немесе) салық салуға байланысты объектілердегі өз үлесін есепке алуды дербес жүргізеді.

3

Адвокаттық кеңсемен жасалған шарттар бойынша адвокаттық қызметті жүзеге асыруға байланысты туындаған мүлікті, талаптарды, міндеттемелерді, кірістер мен шығыстарды бөлу, сондай-ақ осындай адвокаттық кеңсеге кіретін әрбір адвокаттың салық салу объектілеріндегі және (немесе) салық салуға байланысты объектілердегі үлестерін айқындау тәртібі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес адвокаттармен жасалған серіктестік шартында айқындалады. Адвокаттар мүлікті, талаптарды, міндеттемелерді, кірістер мен шығыстарды осындай бөлуді, сондай-ақ салық салу объектілеріндегі және (немесе) салық салуға байланысты объектілердегі үлестерді айқындауды әрбір салықтық кезеңнің қорытындысы бойынша жүзеге асырады. Мұндай бөлудің нәтижелері жазбаша түрде ресімделуге, оған адвокаттық кеңседе қызметін жүзеге асыратын барлық адвокат қол қоюға тиіс. Әрбір адвокат мүлікті, талаптарды, міндеттемелерді, кірістер мен шығыстарды бөлу, сондай-ақ салық салу объектілеріндегі және (немесе) салық салуға байланысты объектілердегі үлестерді айқындау нәтижелері туралы құжатты салықтық тексеру жүргізілген жағдайда салық органдарына ұсынады.

Менің жазбаларым

Жазбаларды тек сіз көресіз. Әзірге олар осы браузерде сақталады.

Ақпарат мына сайттан алынды: «Әділет» ҰЦҚЖ (adilet.zan.kz). Мәтін редакциясы: 01.07.2026.

Бухгалтерге арналған түсініктеме · Buhpracticum

Осы баптың практикалық талдауын — не өзгерді, кімге қатысты және 1С-те не істеу керек — Buhpracticum курстарында қарастырамыз.

Курста толығырақ

Ақпарат көзі: баптардың мәтіндері мына сайттан алынды: «Әділет» ҰЦҚЖ (adilet.zan.kz) — ҚР 2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚРЗ Кодексі, 01.07.2026 редакциясы. Buhpracticum сайты ресми жариялау көзі болып табылмайды. Заңды маңызы бар әрекеттер үшін ресми мәтінмен салыстырыңыз.

Бухгалтерге арналған түсініктемелер мен безендіру — © Buhpracticum.