Қолданыстағы редакция: 01.07.2026ҚР 2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚРЗ КодексіРесми мәтін ↗
Жалпы бөлік3-бөлім · 15-тарау

167-бап. Бейрезиденттің салықтық өтініші негізінде бюджеттен табыс салығын қайтару мәселесі бойынша тақырыптық салықтық тексеруді жүргізу ерекшеліктері

Бап мәтіні

1

Бейрезиденттің салықтық өтініші негізінде бюджеттен табыс салығын қайтару мәселесі бойынша тақырыптық салықтық тексеру талап қоюдың ескіру мерзімі шегінде осындай өтініш берген бейрезиденттің кірісінен төлем көзінен табыс салығын есептеу, ұстап қалу және аудару бойынша салықтық міндеттемелерді орындауы тұрғысынан салық агентіне қатысты жүргізіледі.

2

Салық органы бейрезиденттің салықтық өтінішін алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде тақырыптық салықтық тексеруді тағайындайды.

3

Салық органы тақырыптық салықтық тексеруді жүргізу барысында құжаттарды мынадай тұрғыдан:

1) бейрезиденттің кірістерінен төлем көзінен табыс салығын есептеу, ұстап қалу және аудару бойынша салықтық міндеттемелерді салық агентінің толық орындауын;

2) бейрезиденттің осы Кодекске немесе халықаралық шартқа сәйкес тұрақты мекеме құруын;

3) Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы заңнамасына сәйкес өтініш беруші-бейрезиденттің есептік тіркелуін, тіркеу есебін;

4) бюджеттен табыс салығын қайтаруға арналған салықтық өтініште көрсетілген деректердің анықтығын тексереді.

Менің жазбаларым

Жазбаларды тек сіз көресіз. Әзірге олар осы браузерде сақталады.

Ақпарат мына сайттан алынды: «Әділет» ҰЦҚЖ (adilet.zan.kz). Мәтін редакциясы: 01.07.2026.

Бухгалтерге арналған түсініктеме · Buhpracticum

Осы баптың практикалық талдауын — не өзгерді, кімге қатысты және 1С-те не істеу керек — Buhpracticum курстарында қарастырамыз.

Курста толығырақ

Ақпарат көзі: баптардың мәтіндері мына сайттан алынды: «Әділет» ҰЦҚЖ (adilet.zan.kz) — ҚР 2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚРЗ Кодексі, 01.07.2026 редакциясы. Buhpracticum сайты ресми жариялау көзі болып табылмайды. Заңды маңызы бар әрекеттер үшін ресми мәтінмен салыстырыңыз.

Бухгалтерге арналған түсініктемелер мен безендіру — © Buhpracticum.