Қолданыстағы редакция: 01.07.2026ҚР 2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚРЗ КодексіРесми мәтін ↗
Жалпы бөлік3-бөлім · 18-тарау

191-бап. Салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламаға және салық органдары лауазымды адамдарының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым жасау жөніндегі жалпы ережелер

Бап мәтіні

1

Салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламаға және салық органы лауазымды адамдарының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) сотқа шағым жасау Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінде көзделген тәртіппен жүргізіледі.

2

Салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламаға уәкілетті органға шағым жасау осы тараудың 1-параграфында айқындалған тәртіппен жүргізіледі. Салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламаға шағымды беру және қарау осы Кодекстің 192 – 198-баптарында айқындалған тәртіппен жүргізіледі.

3

Салық төлеушінің (салық агентінің) уәкілетті органға немесе сотқа шағым (арыз) беруі салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламаның шағым жасалған бөлігінде орындалуын тоқтата тұрады. Салық төлеуші (салық агенті):

1) уәкілетті органға шағым берген жағдайда, салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламаны шағым жасалған бөлігінде орындау шағым бойынша шешім шығарылғанға дейін тоқтатыла тұрады;

2) сотқа талап қою берген жағдайда, салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламаны шағым жасалған бөлігінде орындау сот әкімшілік істі іс жүргізуге қабылдаған күннен бастап сот актісі заңды күшіне енгенге дейін тоқтатыла тұрады.

Менің жазбаларым

Жазбаларды тек сіз көресіз. Әзірге олар осы браузерде сақталады.

Ақпарат мына сайттан алынды: «Әділет» ҰЦҚЖ (adilet.zan.kz). Мәтін редакциясы: 01.07.2026.

Бухгалтерге арналған түсініктеме · Buhpracticum

Осы баптың практикалық талдауын — не өзгерді, кімге қатысты және 1С-те не істеу керек — Buhpracticum курстарында қарастырамыз.

Курста толығырақ

Ақпарат көзі: баптардың мәтіндері мына сайттан алынды: «Әділет» ҰЦҚЖ (adilet.zan.kz) — ҚР 2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚРЗ Кодексі, 01.07.2026 редакциясы. Buhpracticum сайты ресми жариялау көзі болып табылмайды. Заңды маңызы бар әрекеттер үшін ресми мәтінмен салыстырыңыз.

Бухгалтерге арналған түсініктемелер мен безендіру — © Buhpracticum.