Қолданыстағы редакция: 01.07.2026ҚР 2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚРЗ КодексіРесми мәтін ↗
Жалпы бөлік3-бөлім · 18-тарау

194-бап. Шағымды қараудан бас тарту

Бап мәтіні

1

Уәкілетті орган мынадай:

1) салық төлеуші (салық агенті) шағымды осы Кодекстің 192-бабы 1-тармағының бірінші бөлігінде белгіленген шағым жасау мерзімін өткізіп алып берген;

2) салық төлеушінің (салық агентінің) шағымы осы Кодекстің 193-бабында белгіленген талаптарға сәйкес келмеген;

3) салық төлеуші (салық агенті) үшін шағымды оның өкілі болып табылмайтын адам берген;

4) салық төлеуші (салық агенті) шағымда баяндалған мәселелер бойынша сотқа талап қою берген жағдайларда, салық төлеушінің (салық агентінің) шағымын қараудан бас тартады.

2

Уәкілетті орган:

1) осы баптың 1-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген жағдайларда – шағым тіркелген;

2) осы баптың 1-тармағының 4) тармақшасында көзделген жағдайда – салық төлеушінің (салық агентінің) сотқа жүгіну фактісі анықталған күннен кейінгі он жұмыс күні ішінде салық төлеушіге (салық агентіне) шағымды қараудан бас тарту туралы, мұндай бас тартудың себебін көрсете отырып, хабарлайды.

3

Уәкілетті органның осы баптың 1-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көзделген жағдайларда шағымды қараудан бас тартуы салық төлеушіні (салық агентін) осы Кодекстің 192-бабының 1-тармағында белгіленген мерзім шегінде, жол берілген бұзушылықтарды жойған кезде шағымды қайта беру құқығынан айырмайды.

Менің жазбаларым

Жазбаларды тек сіз көресіз. Әзірге олар осы браузерде сақталады.

Ақпарат мына сайттан алынды: «Әділет» ҰЦҚЖ (adilet.zan.kz). Мәтін редакциясы: 01.07.2026.

Бухгалтерге арналған түсініктеме · Buhpracticum

Осы баптың практикалық талдауын — не өзгерді, кімге қатысты және 1С-те не істеу керек — Buhpracticum курстарында қарастырамыз.

Курста толығырақ

Ақпарат көзі: баптардың мәтіндері мына сайттан алынды: «Әділет» ҰЦҚЖ (adilet.zan.kz) — ҚР 2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚРЗ Кодексі, 01.07.2026 редакциясы. Buhpracticum сайты ресми жариялау көзі болып табылмайды. Заңды маңызы бар әрекеттер үшін ресми мәтінмен салыстырыңыз.

Бухгалтерге арналған түсініктемелер мен безендіру — © Buhpracticum.