Қолданыстағы редакция: 01.07.2026ҚР 2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚРЗ КодексіРесми мәтін ↗
Жалпы бөлік3-бөлім · 18-тарау

196-бап. Шағымды қарау мерзімін тоқтата тұру және (немесе) ұзарту

Бап мәтіні

1

Осы Кодекстің 195-бабының 1-тармағында белгіленген шағымды қарау мерзімі мынадай:

1) тақырыптық және қайталама тақырыптық салықтық тексерулер жүргізген жағдайда – осы Кодекстің 198-бабында айқындалған тәртіппен осындай тексерулер тағайындалған күннен бастап уәкілетті орган салықтық тексеру актісін алғаннан кейін он бес жұмыс күні өткен күнге дейінгі уақыт кезеңіне тоқтатыла тұрады. Бұл ретте уәкілетті орган салықтық тексеру актісін алған күннен бастап шағымды қарау мерзімін тоқтата тұрудың көрсетілген кезеңі ішінде осы Кодекстің 197-бабының 1-тармағында көзделген шешімді шығаруға құқылы;

2) мемлекеттік органдарға, шет мемлекеттердің тиісті органдарына және өзге де ұйымдарға осындай органдар мен ұйымдардың құзыретіндегі мәселелер бойынша сұрау салу жіберген жағдайда – осындай сұрау салу жіберілген күннен бастап жауап алынған күнге дейінгі уақыт кезеңіне тоқтатыла тұрады.

2

Уәкілетті орган шағымды қарау мерзімін тоқтата тұру туралы салық төлеушіге (салық агентіне) тоқтата тұру себептерін көрсете отырып, тексеру тағайындалған және (немесе) сұрау салу жіберілген күннен кейінгі үш жұмыс күні ішінде хабарлайды.

3

Осы Кодекстің 195-бабының 1-тармағында белгіленген шағымды қарау мерзімі мынадай:

1) салық төлеуші (салық агенті) шағымға толықтыру (толықтырулар) ұсынған жағдайда он бес жұмыс күніне ұзартылады. Бұл ретте осы Кодекстің 195-бабының 1-тармағында белгіленген мерзім шағымға кейіннен толықтырулар берудің әрбір жағдайында, осы тармақшада көрсетілген мерзімге ұзартылады;

2) уәкілетті орган шағым жасалған мәселені қосымша зерделеу қажет болған жағдайда тоқсан жұмыс күніне дейін ұзартады. Уәкілетті орган осы тармақшаның бірінші бөлігінде көзделген жағдайда, салық төлеушіге (салық агентіне) шағымды қарау мерзімі ұзартылған күннен кейінгі үш жұмыс күні ішінде хабарлайды.

Менің жазбаларым

Жазбаларды тек сіз көресіз. Әзірге олар осы браузерде сақталады.

Ақпарат мына сайттан алынды: «Әділет» ҰЦҚЖ (adilet.zan.kz). Мәтін редакциясы: 01.07.2026.

Бухгалтерге арналған түсініктеме · Buhpracticum

Осы баптың практикалық талдауын — не өзгерді, кімге қатысты және 1С-те не істеу керек — Buhpracticum курстарында қарастырамыз.

Курста толығырақ

Ақпарат көзі: баптардың мәтіндері мына сайттан алынды: «Әділет» ҰЦҚЖ (adilet.zan.kz) — ҚР 2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚРЗ Кодексі, 01.07.2026 редакциясы. Buhpracticum сайты ресми жариялау көзі болып табылмайды. Заңды маңызы бар әрекеттер үшін ресми мәтінмен салыстырыңыз.

Бухгалтерге арналған түсініктемелер мен безендіру — © Buhpracticum.