Қолданыстағы редакция: 01.07.2026ҚР 2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚРЗ КодексіРесми мәтін ↗
Жалпы бөлік3-бөлім · 18-тарау

193-бап. Салық төлеуші (салық агенті) шағымының нысаны мен мазмұны

Бап мәтіні

1

Салық төлеушінің (салық агентінің) шағымы қағаз және (немесе) электрондық жеткізгіштерде беріледі.

2

Шағымда:

1) шағым берілетін уәкілетті органның атауы;

2) шағым беретін салық төлеушінің (салық агентінің) тегі, аты және әкесінің аты не толық атауы, оның тұрған жері;

3) шағым беретін салық төлеушінің (салық агентінің) сәйкестендіру нөмірі;

4) салықтық тексеру жүргізген салық органының атауы;

5) шағым беруші тұлға өз талаптарын негіздейтін мән-жайлар және осы мән-жайларды растайтын дәлелдемелер;

6) салық төлеушiнiң (салық агентiнiң) қолтаңбасы және шағымды берген күнi;

7) қоса берілетін құжаттардың тізбесі көрсетілуге тиіс.

3

Шағымда дауды шешу үшін маңызы бар өзге де мәліметтер көрсетілуі мүмкін.

4

Шағымға салық төлеуші (салық агенті) не оның өкілі болып табылатын адам қол қояды.

5

Шағымға:

1) салық төлеуші (салық агенті) өз талаптарын негіздейтін мән-жайларды растайтын құжаттар;

2) шағымды салық төлеушінің (салық агентінің) уәкілетті өкілі берген жағдайда сенімхат;

3) іске қатысы бар өзге де құжаттар қоса беріледі.

Менің жазбаларым

Жазбаларды тек сіз көресіз. Әзірге олар осы браузерде сақталады.

Ақпарат мына сайттан алынды: «Әділет» ҰЦҚЖ (adilet.zan.kz). Мәтін редакциясы: 01.07.2026.

Бухгалтерге арналған түсініктеме · Buhpracticum

Осы баптың практикалық талдауын — не өзгерді, кімге қатысты және 1С-те не істеу керек — Buhpracticum курстарында қарастырамыз.

Курста толығырақ

Ақпарат көзі: баптардың мәтіндері мына сайттан алынды: «Әділет» ҰЦҚЖ (adilet.zan.kz) — ҚР 2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚРЗ Кодексі, 01.07.2026 редакциясы. Buhpracticum сайты ресми жариялау көзі болып табылмайды. Заңды маңызы бар әрекеттер үшін ресми мәтінмен салыстырыңыз.

Бухгалтерге арналған түсініктемелер мен безендіру — © Buhpracticum.