Қолданыстағы редакция: 01.07.2026ҚР 2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚРЗ КодексіРесми мәтін ↗
Жалпы бөлік3-бөлім · 18-тарау

198-бап. Салық төлеушінің (салық агентінің) шағымын қарау кезінде тақырыптық салықтық тексеруді тағайындау тәртібі

Бап мәтіні

1

Уәкілетті орган салық төлеушінің (салық агентінің) шағымын қарау кезінде тақырыптық салықтық тексеруді тағайындау және жүргізу туралы тапсырма жіберуге құқылы. Бұл ретте тақырыптық салықтық тексеруді тағайындау және жүргізу туралы тапсырма және осындай тексерудің нәтижелері бойынша жасалған салықтық тексеру актісі бойынша алдын ала шешім шығару талап етілмейді. Тақырыптық салықтық тексеруді тағайындау және жүргізу туралы тапсырма тексеруге жататын мәселелер көрсетіле отырып ресімделеді.

2

Тақырыптық салықтық тексеруді тағайындау және жүргізу туралы тапсырманы орындау кезінде мұндай тексеруді жүргізу, шағым жасалып отырған салықтық тексеруді уәкілетті салық органы жүргізген жағдайды қоспағанда, нәтижелеріне шағым жасалатын салықтық тексеруді жүргізген салық органына тапсырыла алмайды.

3

Тақырыптық салықтық тексеруді салық органы осы Кодексте белгіленген тәртіппен және мерзімдерде жүргізеді және осындай тексеруді тағайындау және жүргізу туралы тапсырманы алған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірілмей басталуға тиіс.

4

Деректер жеткілікті дәрежеде айқын немесе толық болмаған, сондай-ақ тақырыптық салықтық тексеру барысында бұрын тексерілген мән-жайлар мен құжаттарға қатысты жаңа сұрақтар туындаған кезде уәкілетті орган оны қайтадан тағайындауға құқылы.

5

Уәкілетті органның шағымды қарау нәтижелері бойынша шешімі тақырыптық және (немесе) қайталама тақырыптық салықтық тексерулердің нәтижелері ескеріле отырып шығарылады. Бұл ретте уәкілетті орган мұндай тексерулердің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, ол шағым бойынша шешім қабылдау кезінде оларды ескермеуге құқылы, алайда мұндай келіспеу уәжді болуға тиіс.

Менің жазбаларым

Жазбаларды тек сіз көресіз. Әзірге олар осы браузерде сақталады.

Ақпарат мына сайттан алынды: «Әділет» ҰЦҚЖ (adilet.zan.kz). Мәтін редакциясы: 01.07.2026.

Бухгалтерге арналған түсініктеме · Buhpracticum

Осы баптың практикалық талдауын — не өзгерді, кімге қатысты және 1С-те не істеу керек — Buhpracticum курстарында қарастырамыз.

Курста толығырақ

Ақпарат көзі: баптардың мәтіндері мына сайттан алынды: «Әділет» ҰЦҚЖ (adilet.zan.kz) — ҚР 2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚРЗ Кодексі, 01.07.2026 редакциясы. Buhpracticum сайты ресми жариялау көзі болып табылмайды. Заңды маңызы бар әрекеттер үшін ресми мәтінмен салыстырыңыз.

Бухгалтерге арналған түсініктемелер мен безендіру — © Buhpracticum.