190-бап. Жеке тұлғаның салықтық берешегін өндіріп алу
Бап мәтіні
Жеке тұлғаның салықтық берешегін өндіріп алуды салық органы тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 1 еселенген мөлшерінен астам салықтық берешегі өтелмеген кезде жүзеге асырады. Жеке тұлғаның салықтық берешегі деп кәсіпкерлік қызметті және жеке практиканы жүзеге асыруға байланысты емес салықтық міндеттемелер бойынша дара кәсіпкердің тіркеу есебінде тұрған жеке тұлғаның немесе жеке практикамен айналысатын адамның салықтық берешегі де түсініледі.
Салық органы жеке тұлғаның салықтық берешегін өтеу туралы хабарламаны орындау мерзімі өткеннен кейін жеке тұлғаның берешегін өндіріп алу туралы салық бұйрығын (бұдан әрі осы баптың мақсатында – салық бұйрығы) шығарады. Салық бұйрығын орындау мерзімі табыс етілген күнінен кейінгі бес жұмыс күнін құрайды.
Жеке тұлға салық бұйрығын орындамаған кезде салық органы Қазақстан Республикасының атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы заңнамасында айқындалған тәртіппен мәжбүрлеп орындату үшін салық бұйрығын аумақтылығы бойынша тиісті әділет органдарына не жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасына жібереді.
Салық бұйрығының күші:
1) жеке тұлға салықтық берешегін өтеген;
2) салық бұйрығын шығару тәртібі бұзылған;
3) жеке тұлғаға қатысты "Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес сот арқылы банкроттық рәсімі қолданылған;
4) жеке тұлғаға қатысты "Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес төлем қабілеттілігін қалпына келтіру рәсімі қолданылған жағдайларда жойылады.
МКК: сұрақ — жауап
Көлік салығын төлемедім — не болады және берешек сомасын қайдан білуге болады?
Жеке тұлғаның 1 АЕК-тен (1 қаңтардағы) асатын берешегін салық органы өндіріп алады: берешек туралы хабарламаның орындалу мерзімі өткеннен кейін салықтық бұйрық шығарылады, оны 5 жұмыс күні ішінде орындау керек. Берешек сомасын МКК өз порталында, e-Salyq Azamat қосымшасында және банк қосымшаларында тексеруді ұсынады. (190-баптың 1–2-тармақтары)
Қысқаша — жаңа Кодекс бойынша, Buhpracticum баяндауы. Сұрақ мына жинақтан: ҚР ҚМ МКК, өтініштерге жауаптар, 15.09.2025; МКК мына норма бойынша жауап берген: 2017 ж. Кодекстің 128-бабының 1-тармағы. МКК түсіндірмелері нормативтік құқықтық акт болып табылмайды.Менің жазбаларым
Жазбаларды тек сіз көресіз. Әзірге олар осы браузерде сақталады.
Ақпарат мына сайттан алынды: «Әділет» ҰЦҚЖ (adilet.zan.kz). Мәтін редакциясы: 01.07.2026.
Бухгалтерге арналған түсініктеме · Buhpracticum
Осы баптың практикалық талдауын — не өзгерді, кімге қатысты және 1С-те не істеу керек — Buhpracticum курстарында қарастырамыз.