Қолданыстағы редакция: 01.07.2026ҚР 2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚРЗ КодексіРесми мәтін ↗
Жалпы бөлік3-бөлім · 17-тарау

185-бап. Салық төлеушінің (салық агентінің) банктік шоттарындағы ақша есебінен салықтық берешекті өндіріп алу

Бап мәтіні

1

Салық төлеушінің (салық агентінің) банктік шоттарындағы ақша есебінен салықтық берешекті өндіріп алуды салық төлеуші (салық агенті) салықтық берешектің шекті мөлшерінен асатын сомада салықтық берешекті өтемеген кезде салық органы мәжбүрлеу тәртібімен жүзеге асырады.

2

Инкассолық өкімді салық органы салық төлеушінің (салық агентінің) барлық банктік шоттарына шығарады. Осы тармақтың бірінші бөлігінің ережелері Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес өндіріп алуға жол берілмейтін банктік шоттарға қолданылмайды. Салық төлеушінің (салық агентінің) салықтық берешек сомасы туралы деректер инкассолық өкім жасалған күні ескеріледі.

3

Салық органы салықтық берешек толық өтелген кезде инкассолық өкімдерді кері қайтарып алады.

4

Инкассолық өкімнің және инкассолық өкімді кері қайтарып алудың нысандарын Ұлттық Банк белгілейді.

Менің жазбаларым

Жазбаларды тек сіз көресіз. Әзірге олар осы браузерде сақталады.

Ақпарат мына сайттан алынды: «Әділет» ҰЦҚЖ (adilet.zan.kz). Мәтін редакциясы: 01.07.2026.

Бухгалтерге арналған түсініктеме · Buhpracticum

Осы баптың практикалық талдауын — не өзгерді, кімге қатысты және 1С-те не істеу керек — Buhpracticum курстарында қарастырамыз.

Курста толығырақ

Ақпарат көзі: баптардың мәтіндері мына сайттан алынды: «Әділет» ҰЦҚЖ (adilet.zan.kz) — ҚР 2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚРЗ Кодексі, 01.07.2026 редакциясы. Buhpracticum сайты ресми жариялау көзі болып табылмайды. Заңды маңызы бар әрекеттер үшін ресми мәтінмен салыстырыңыз.

Бухгалтерге арналған түсініктемелер мен безендіру — © Buhpracticum.