Қолданыстағы редакция: 01.07.2026ҚР 2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚРЗ КодексіРесми мәтін ↗
Жалпы бөлік3-бөлім · 15-тарау

152-бап. Салықтық тексеру

Бап мәтіні

1

Салықтық тексеру кешенді, тақырыптық, қарсы салықтық тексеру, хронометраждық зерттеп-қарау нысанында жүзеге асырылады. Салықтық тексеруге жататын кезең талап қоюдың ескіру мерзімінен аспауға тиіс. Салық органдары заңды тұлғаның өзіне салықтық тексеру жүргізілуіне қарамастан, заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшелеріне салықтық тексерулерді жүзеге асыруға құқылы.

2

"Жедел-іздестіру қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыратын органдардың қызметкерлеріне қатысты салықтық тексеру ерекше тәртіппен жүргізіледі. Салықтық тексеруді жүргізудің ерекше тәртібін арнаулы мемлекеттік органдармен, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери барлау органдарымен, құқық қорғау органдарымен бірлесіп, уәкілетті орган айқындайды.

3

Тексерілетін кезеңді айқындау кезінде:

1) резидент-заңды тұлғаны, бейрезидент-заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесін қайта ұйымдастыру немесе тарату кезінде тағайындалатындарды қоспағанда, кешенді салықтық тексеру;

2) салық төлеушінің (салық агентінің) өзінің салықтық өтініші немесе шағымы бойынша, оның ішінде: қосылған құн салығы бойынша төлеушіні тіркеу есебінен шығаруға байланысты салықтық өтініші бойынша; салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламаға салық төлеушінің (салық агентінің) шағымына байланысты тақырыптық салықтық тексеру тағайындалған кезде салықтар бойынша аудитпен қамтылған салықтық кезең енгізілмейді. Осы тармақтың бірінші бөлігінің ережесі:

1) салықтық мониторингке жататын салық төлеушілерге;

2) жер қойнауын пайдаланушыларға;

3) акцизделетін өнімнің, биоотынның жекелеген түрлерін өндіру және олардың айналымы жөніндегі қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеушілерге қатысты салықтық тексерулерге қолданылмайды.

4

Салықтық тексеру салықтық жүктеме коэффициентінің көрсеткішін ескере отырып, осы Кодекске сәйкес тағайындалады. Бұл ретте салық төлеушінің салықтық жүктемесінің коэффициенті тиісті қызмет түрі бойынша және қызмет жүзеге асырылатын өңірді ескере отырып, салықтық жүктеме коэффициенті жоғарғы көрсеткішінің кемінде 90 пайызын құрайтын салықтық кезеңге кешенді салықтық тексеру тағайындалмайды. Осы тармақтың екінші бөлігінің ережелері прокуратура органдарының талабы бойынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік заңнамасында көзделген негіздерде салық төлеушінің өз өтініші бойынша кешенді салықтық тексеру тағайындалған жағдайларға қолданылмайды.

Менің жазбаларым

Жазбаларды тек сіз көресіз. Әзірге олар осы браузерде сақталады.

Ақпарат мына сайттан алынды: «Әділет» ҰЦҚЖ (adilet.zan.kz). Мәтін редакциясы: 01.07.2026.

Бухгалтерге арналған түсініктеме · Buhpracticum

Осы баптың практикалық талдауын — не өзгерді, кімге қатысты және 1С-те не істеу керек — Buhpracticum курстарында қарастырамыз.

Курста толығырақ

Ақпарат көзі: баптардың мәтіндері мына сайттан алынды: «Әділет» ҰЦҚЖ (adilet.zan.kz) — ҚР 2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚРЗ Кодексі, 01.07.2026 редакциясы. Buhpracticum сайты ресми жариялау көзі болып табылмайды. Заңды маңызы бар әрекеттер үшін ресми мәтінмен салыстырыңыз.

Бухгалтерге арналған түсініктемелер мен безендіру — © Buhpracticum.