Қолданыстағы редакция: 01.07.2026ҚР 2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚРЗ КодексіРесми мәтін ↗
Жалпы бөлік3-бөлім · 15-тарау

165-бап. Хронометраждық зерттеп-қарауды жүргізу ерекшеліктері

Бап мәтіні

1

Хронометраждық зерттеп-қарау салық төлеушінің (салық агентінің) және (немесе) оның өкілінің қатысуымен жүзеге асырылады.

2

Хронометраждық зерттеп-қарауды жүргізу үшін салық органы зерттеп-қаралатын салық салу объектісі және (немесе) салық салуға байланысты объекті бойынша мәселелерді өзі дербес айқындайды. Міндетті түрде зерттеп-қарауға мыналар:

1) салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер жатады. Салық органының, қажет болған кезде, салық төлеушінің тауарлық-материалдық құндылықтарына түгендеу жүргізуге құқығы бар;

2) ақшаның, ақша құжаттарының, бухгалтерлік кітаптардың, есептердің, сметалардың, бағалы қағаздардың, есеп-қисаптардың, декларациялардың және зерттеп-қаралатын салық салу объектісіне және (немесе) салық салуға байланысты объектіге байланысты өзге де құжаттардың болуы;

3) бақылау-касса машинасының фискалдық есебі жатады.

3

Хронометраждық зерттеп-қарауды жүргізетін салық органының лауазымды адамы хронометраждық-байқау карталарына зерттеп-қарау барысында алынған мәліметтердің толық және дәл енгізілуін күн сайын қамтамасыз етеді. Хронометраждық-байқау картасы әрбір салық салу объектісіне және (немесе) салық салуға байланысты объектіге, сондай-ақ басқа да әрбір кіріс алу көзіне жасалады. Хронометраждық-байқау картасында:

1) салық төлеушінің сәйкестендіру деректері және қызмет түрі;

2) хронометраждық зерттеп-қарауды жүргізу күні, оның басталу және аяқталу уақыты;

3) салық салу объектісінің және (немесе) салық салуға байланысты объектінің тұрған жері;

4) өткізілетін тауарлардың, орындалатын жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің құны;

5) зерттеп-қаралатын салық салу объектісі және (немесе) салық салуға байланысты объект жөніндегі деректер;

6) зерттеп-қарау нәтижелері қамтылуға тиіс.

4

Күн сайын зерттеп-қаралатын күннің соңында барлық зерттеп-қаралатын салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер, сондай-ақ басқа да кіріс алу көздері бойынша жиынтық кесте жасалады.

5

Хронометраждық-байқау картасы мен жиынтық кестеге салық органының лауазымды адамы және салық төлеуші немесе оның өкілі міндетті түрде қол қояды және ол хронометраждық зерттеп-қарау актісіне қоса беріледі. Хронометраждық-бақылау картасына, қажет болған кезде, растайтын құжаттардың, есеп-қисаптардың және зерттеп-қарау барысында алынған басқа материалдардың көшірмелері қоса беріледі.

Менің жазбаларым

Жазбаларды тек сіз көресіз. Әзірге олар осы браузерде сақталады.

Ақпарат мына сайттан алынды: «Әділет» ҰЦҚЖ (adilet.zan.kz). Мәтін редакциясы: 01.07.2026.

Бухгалтерге арналған түсініктеме · Buhpracticum

Осы баптың практикалық талдауын — не өзгерді, кімге қатысты және 1С-те не істеу керек — Buhpracticum курстарында қарастырамыз.

Курста толығырақ

Ақпарат көзі: баптардың мәтіндері мына сайттан алынды: «Әділет» ҰЦҚЖ (adilet.zan.kz) — ҚР 2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚРЗ Кодексі, 01.07.2026 редакциясы. Buhpracticum сайты ресми жариялау көзі болып табылмайды. Заңды маңызы бар әрекеттер үшін ресми мәтінмен салыстырыңыз.

Бухгалтерге арналған түсініктемелер мен безендіру — © Buhpracticum.