Қолданыстағы редакция: 01.07.2026ҚР 2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚРЗ КодексіРесми мәтін ↗
Жалпы бөлік1-бөлім · 1-тарау

20-бап. Жеңілдікті салық салынатын мемлекет

Бап мәтіні

1

Жеңілдікті салық салынатын мемлекет деп мынадай шарттардың біріне сай келетін шет мемлекет немесе шетелдік аумақ танылады:

1) осындай мемлекетте немесе осындай аумақта пайда салығының мөлшерлемесі 10 пайыздан аз мөлшерде белгіленген;

2) осындай мемлекетте немесе осындай аумақта қаржылық ақпараттың құпиялылығы туралы заңдар немесе мүліктің, кірістің іс жүзіндегі иеленушісі немесе заңды тұлғаның (компанияның) іс жүзіндегі иеленушілері, қатысушылары, құрылтайшылары, акционерлері туралы құпияны сақтауға мүмкіндік беретін заңдар болады. Салық салу мақсаттары үшін уәкілетті органмен ақпарат алмасуды қамтамасыз етпейтін шет мемлекетті немесе шетелдік аумақты қоспағанда, осы тармақтың бірінші бөлігі 2) тармақшасының ережелері өзімен Қазақстан Республикасының құзыретті органдар арасындағы салық салу мәселелері бойынша ақпарат алмасу туралы ереже көзделетін халықаралық шарты қолданылатын шет мемлекетке немесе шетелдік аумаққа қатысты қолданылмайды.

2

Мынадай шарттардың бірі орындалған:

1) уәкілетті орган шет мемлекеттің немесе шетелдік аумақтың құзыретті немесе уәкілетті органынан алмасылуы халықаралық шартта көзделген мәліметтерді ұсынудан жазбаша бас тартуды алған;

2) уәкілетті орган тиісті сұрау салуды жібергеннен кейін екі жылдан астам уақыт ішінде шет мемлекеттің немесе шетелдік аумақтың құзыретті немесе уәкілетті органы талап етілетін мәліметтерді ұсынбаған кезде, шет мемлекет немесе шетелдік аумақ салық салу мақсаттары үшін уәкілетті органмен ақпарат алмасуды қамтамасыз етпейтін мемлекет немесе аумақ деп танылады.

3

Осы баптың 1 және 2-тармақтарына сәйкес айқындалған жеңілдікті салық салынатын мемлекеттер тізбесін уәкілетті орган бекітеді.

Менің жазбаларым

Жазбаларды тек сіз көресіз. Әзірге олар осы браузерде сақталады.

Ақпарат мына сайттан алынды: «Әділет» ҰЦҚЖ (adilet.zan.kz). Мәтін редакциясы: 01.07.2026.

Бухгалтерге арналған түсініктеме · Buhpracticum

Осы баптың практикалық талдауын — не өзгерді, кімге қатысты және 1С-те не істеу керек — Buhpracticum курстарында қарастырамыз.

Курста толығырақ

Ақпарат көзі: баптардың мәтіндері мына сайттан алынды: «Әділет» ҰЦҚЖ (adilet.zan.kz) — ҚР 2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚРЗ Кодексі, 01.07.2026 редакциясы. Buhpracticum сайты ресми жариялау көзі болып табылмайды. Заңды маңызы бар әрекеттер үшін ресми мәтінмен салыстырыңыз.

Бухгалтерге арналған түсініктемелер мен безендіру — © Buhpracticum.