24-бап. Қазақстан Республикасы салық заңнамасының негізгі мақсаты мен міндеті
Бап мәтіні
¶ 1
Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын салықтар мен бюджетке төленетін төлемдерді, сондай-ақ салық салу қағидаттары негізінде салықтық міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету үшін салықтық құқықтық қатынастар тараптарының құқықтары мен міндеттерін белгілеу Қазақстан Республикасы салық заңнамасының негізгі мақсаты болып табылады.
¶ 2
Салықтар мен бюджетке төленетін төлемдерді есептеу және төлеу, салықтық міндеттемелерді орындау үшін құқықтық негіздер құру Қазақстан Республикасы салық заңнамасының негізгі міндеті болып табылады.
Менің жазбаларым
Жазбаларды тек сіз көресіз. Әзірге олар осы браузерде сақталады.
Ақпарат мына сайттан алынды: «Әділет» ҰЦҚЖ (adilet.zan.kz). Мәтін редакциясы: 01.07.2026.
Бухгалтерге арналған түсініктеме · Buhpracticum
Осы баптың практикалық талдауын — не өзгерді, кімге қатысты және 1С-те не істеу керек — Buhpracticum курстарында қарастырамыз.