Қолданыстағы редакция: 01.07.2026ҚР 2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚРЗ КодексіРесми мәтін ↗
Жалпы бөлік1-бөлім · 1-тарау

4-бап. Салықтарға және басқа да төлемдерге байланысты ұғымдар

Бап мәтіні

Салықтарға және басқа да төлемдерге байланысты ұғымдар:

1) әлеуметтік төлемдер – Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне сәйкес төленетін міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар, "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес төленетін міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар мен жарналар;

2) бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер (бұдан әрі – бюджетке төленетін төлемдер) – осы Кодексте белгіленген мөлшерлерде және жағдайларда жүргізілетін кедендік төлемдерді қоспағанда, бюджетке төлемақылар, алымдар, баждар түріндегі міндетті ақша аударымдары;

3) салық – осы Кодексте көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекет біржақты тәртіппен заң жүзінде белгілеген, белгілі бір мөлшерде жүргізілетін, қайтарымсыз және өтеусіз сипатқа ие, бюджетке төленетін міндетті ақшалай төлем.

Менің жазбаларым

Жазбаларды тек сіз көресіз. Әзірге олар осы браузерде сақталады.

Ақпарат мына сайттан алынды: «Әділет» ҰЦҚЖ (adilet.zan.kz). Мәтін редакциясы: 01.07.2026.

Бухгалтерге арналған түсініктеме · Buhpracticum

Осы баптың практикалық талдауын — не өзгерді, кімге қатысты және 1С-те не істеу керек — Buhpracticum курстарында қарастырамыз.

Курста толығырақ

Ақпарат көзі: баптардың мәтіндері мына сайттан алынды: «Әділет» ҰЦҚЖ (adilet.zan.kz) — ҚР 2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚРЗ Кодексі, 01.07.2026 редакциясы. Buhpracticum сайты ресми жариялау көзі болып табылмайды. Заңды маңызы бар әрекеттер үшін ресми мәтінмен салыстырыңыз.

Бухгалтерге арналған түсініктемелер мен безендіру — © Buhpracticum.